Ауданда барлығы 41 білім және тәрбие беру мекемесі, оның ішінде 21 орта мектеп, 1 орта мектеп-гимназия, 2 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 14 мемлекеттік, 1 жекеменшік балабақша, 1 музыка мектебі жұмыс істеді.
Мемлекеттік балабақшадағы орын саны -1460, жекеменшік балабақша-20 орын, шағын орталық-320 балаға арналған. Жалпы 1800 балаға арналған. Бүгінгі күнде балабақша мен шағын орталыққа келіп жүрген бала саны-1132. Айырмашылық-668 бала, яғни бұл дегеніміз балабақша сыйымдылығымен ауылды жерлерде бала саны толмай отыр деген сөз.
Аудан бойынша 1-6 жастағы бала саны-5316, 3-6 жастағы бала саны-2673. Оның 1282-сі мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. бұл -99,7% құрап отыр.
Аудандағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде бүгінгі күнде барлығы 249 педагог жұмыс істейді. Олардың 141-і жоғары білімді. Педагогтардың білімдерін жетілдіру, балаларды тәрбиелеудегі жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі бақылауға алынған. Бүгінгі таңда осы педагогтардың 80% пайызы білім жетілдіру курстарында қайта даярлаудан өткен және білімдерін жетілдірген.
Мемлекеттік стандартқа байланысты көпбалалы отбасы балалары кезексіз балабақшаға орналастырылады.
2019 жылдың 1 шілдеден бастап барлық балабақшаларда көпбалалы отбасының 99 баласы атаулы әлеуметтік көмек, яғни 100 пайыз тегін тамақпен қамтылады. Оған 7 млн. 75 мың теңге қаражат бөлінді.
Оқу жылының басында аудан мектептерінде 474 класс-комплектіде 8066 оқушы (39- сынып комплектіде 669 оқушы - дайындық тобы, 435 сынып- комплектіде 7397 оқушы – 1-11 сынып) тіркелді. Аудан бойынша оқушылардың сыныптардағы орташа толымдылығы -17,1 % пайызды құрады. Оқу жылының басынан 20 мектептен 69 оқушының дәрігерлік психологиялық-педагогикалық анықтамасына байланысты үйден оқытылуы ұйымдастырылды. 2019 жылдың аяғына 78 оқушы ұйден оқытылады, оның 5-і уақытша үйден оқыса, 73-і оқу жылына үйден оқумен қамтылды. Аудан бойынша 17 мектепте инклюзивтік оқыту ұйымдастырылған, онда 25 арнайы маман жұмыс істейді. Оқушыларды толық сапалы біліммен қамту үшін 11 елді мекеннен 227 баланы тасымалдап оқыту ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 318 бала ішкі тасымалдаумен қамтылды.
Ауданда білім беруді қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғаю үстінде. Ауданның білім саласын қаржыландыруға, оның ішінде 2019 жылы 22848,0 мың теңгеге 100 компьютер сатып алынды.
Жаңа буындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 56573,0 мың теңге. 91447,0 мың теңгеге оқулықтар сатып алынды.
Сұйық отын сатып алуға 129 млн 226 мың теңге бөлінген. Оқу жылында білім беру мекемелері сұйық отынмен 100 пайыз қамтылды.
Мектептердің барлығы 100% Кең жолақты интернет желісіне қосылған.
Аудан бойынша 11 мектепте лингофонды – мультимедиялық кабинет бар. 25 мектепте барлығы 102 интербелсенді тақта бар.
Білім ұйымдары бойынша жаңа үлгідегі жабдықталған 12-физика, 11- химия, 11-биология кабинеттері бар. 11-лингафонды-мультимедиялық кабинет бар.
«Күнделік.кz» электронды журнал жүйесіне ауданның 25 мектебі толық қосылып, жұмыс істеуде.
Ауданның білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы мен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында 17 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Аудан аумағындағы 25 жалпы білім беретін мектептерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында психологтар, сынып жетекшілері, мейірбикелер, мектеп инспекторлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының құрамымен бекітілген «жедел анықтау» топтары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубтары және үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы орындау мақсатында білім беру мекемелерінде жоспарлы түрде шаралар өтуде.
Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 бала тіркелген. Оның ішінде 2 бала патронаттық тәрбиеде болса, 44 баланы жақын туыстары қамқорлығына алған. Осы балаларға барлық жағдай жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Балалар баспана алу кезегіне қойылған. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-ұстауға қамқоршыларға 15 млн теңге, патронаттық тәрбиешілерге 1 млн 644 мың теңге қаражат бөлінген.
Ауданның білім беру мекемелеріннің мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері:
Республикалық М. Мақатаев оқуларында Мұқаншы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қанад Жансая ІІІ орын жүлдесімен марапатталды.
«Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбындағы жас ақындар айтысының облыстық іріктеу кезеңінен өткен Мұқаншы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қанад Жансая республикалық жас ақындар айтысында ІІІ орын иегері атанып, республикалық М. Мақатаев оқуларында ІІІ орын жүлдесімен марапатталды.
І Республикалық Бекмаханов олимпиадасына Қазақстан тарихы пәнінен 20 мектептен 300-ден астам мектеп оқушысы қатысты. 121-оқушы- жүлделі бірініші орын, 122-оқушы- жүлделі екінші орын, 48-оқушы жүлделі үшінші орын алды. 8 оқушы- арнайы сертификат иеленді. 3 тарих пәнінің мұғалімі: Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімдері Абишева Зарина, Төлеубай Баятхан, М.Құрманов атындағы № 2 орта мектептің мұғалімі Құлжанбеков Амантай, Мұсабек атындағы орта мектептің мұғалімі Шекен Бағдат- «Үздік тарихшы» - төс белгісін иеленді. Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы, М.Құрманов атындағы № 2 орта мектептері «Үздік ұжым» Мақтау қағазына ие болды.
Білім бөлімінің басшысы Т.Сейтнязов