2020 жылы ауданның ішкі жолдарын жөндеуге барлығы 322 664 мың теңге бөлінді, оның ішінде Балпық би ауылының Амангелді көшесінің жолын күрделі жөндеуге – 287 357,0 мың теңге, Қызылтоған ауылындағы Ләбілданов көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 35 307,0 мың теңге қарастырылды. Қазіргі таңда Амангелді көшесінің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жұмыстарды 2020 жылдың 30 қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Қосымша республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында ауданның ішкі жолдарына жалпы ұзындығы 33 шақырым және 4590 м2 жолға ағымды және орташа жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр, бөлінген қаражат 836 122,0 мың теңге қарастырылып отыр, атап айтсақ Айнабұлақ бекетінде Рамазанов көшесінің жолын орташа жөндеу – 19247,0 мың теңге (мердігер - «Жетісу жол құрылыс» ЖШС-гі), Алғабас ауылдық округінің Қабдолда – 15288,0 мың теңге (мердігер - «Талг-строй» ЖШС-гі), Ысқақ – 16092,0 мың теңге (мердігер - «Талг-строй» ЖШС-гі), көшелерінің жолын орташа жөндеу,Ақтекше ауылының Жандосов және Көкбастау ауылының Жамбыл көшесінің жолын орташа жөндеу – 72009,0 мың теңге (мердігер - «Жанай құрылыс-7» ЖШС-гі),Лабасы ауылдық округінің Мәмбет ауылының Абдрахманов, Жоламанов, Мұратбаев, Бақтыбай, Баулықов, Нартбай, Жамбыл, Мамытаев Еңбекшіқазақ ауылының Бабашев, Алтынсарин, Омашбеков, Сақмолданов, Жамбыл ауылының Шаухаров, Есбосынов, Абай, Ауғанбаев көшелерінің жолын орташа жөндеу– 354044,0 мың теңге (мердігер - «BUILD» ЖШС-гі),Мұсабек ауылдық округінің Мұсабек ауылындағы Абай көшесіне орташа жөндеу– 16617,0 мың теңге (мердігер - «Талг-строй» ЖШС-гі), Көксу бекетіндегі Абай көшесіне орташа жөндеу– 28394,0 мың теңге (мердігер - «Специально монтажно-наладочное правление газового хозяйства» ЖШС-гі), Жарлыөзек ауылының жолдарына орташа жөндеу – 148671,0 мың теңге (мердігер - «Специально монтажно-наладочное правление газового хозяйства» ЖШС-гі), Бесқайнар ауылы Жетісу көшесіне орташа жөндеу– 47901,0 мың теңге (мердігер - «Специально монтажно-наладочное правление газового хозяйства» ЖШС-гі), Көкбастау ауылындағы Көкбастау көшесіне орташа жөндеу– 35035,0 мың теңге (мердігер - «Талг-строй» ЖШС-гі), Жарлыөзек ауылының Идигов көшесіне ағымдық жөндеу – 36650,0 мың теңге (мердігер - «Специально монтажно-наладочное правление газового хозяйства» ЖШС-гі), Мұқаншы ауылдық округінде Әуезов, Шалабаев, Қазақстан, Байсейітова, 8 март, Қожабергенов, Абай, Желтоқсан көшелеріне ағымдық жөндеу– 45274,0 мың теңге (мердігер - «Верена Тэк Ресерч» ЖШС-гі) және Мұқыры ауылындағы Абай көшесіне ағымдық жөндеу жұмыстары– 900,0 мың теңге (мердігер - «Косем ЛТД» ЖШС-гі).
Республикалық бюджеттен перспективалық ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Көксу ауданы Балпық би ауылының 2 көшесіне және Ақшатоған ауылының 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына162 046,0 мың теңге жоспарланып тұр. Атап айтсақ, Балпық би аукылындағы Абай көшесі, Азизбеков көшесі, Ақшатоған ауылындағы Қайыспаев көшесі, Белорусская көшесі, Андызбаев көшесі, Ерденбеков көшесі, Калинина көшесі, Мичурина көшесі, Молодежная көшесі, Тимирязева көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарлары жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу бойынша өтінімдердің ашылу мерзімі – 27 мамыр 2020 жыл.
Барлығы күрделі жөндеуден 2,36 шақырым, орташа жөндеуден 31 шақырым және ағымды жөндеуден 9 шақырым автомобиль жолдары өтуі көзделген.
Ауданының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Карбаев