Құрылыс саласы бойынша 2020 жылдың 2 тоқсанына ақпарат

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша

  1. Аталған бағдарлама бойынша Балпық би ауылында 2020 жылдың 29 қаңтарында 60 пәтерлі жалғерлік тұрғын үй құрылысы үшін Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «СП «NEFT» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылдың 19 наурызында «СП «NEFT» ЖШС-мен жалпы сомасы 550 миллион 655 мың 493 теңгеге құрылыс-монтаждық жұмыстарына №19 келісім-шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың 8 сәуір айынан басталды. Құрылыс-монтаждық жұмыстарының аяқталуы 2020 жылдың қараша айына жоспарланған.
  2. Бұл үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілерінің салу үшін Көксу ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялаған болатын. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 1 сәуіріне жоспарланған. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «Монолит» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 23 сәуірде «Монолит» ЖШС-мен жалпы сомасы 75 миллион 688 мың 397 теңгеге ҚМЖ-ға №24 келісім-шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың 11 мамырында басталды.
  3. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілер (сыртқы сумен жабдықтау) салу үшін 2020 жылдың 29 қаңтарында Алматы облысының сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «Дәнекер» ЖШС анықталды. 2020 жылғы 30 сәуірде «Дәнекер» ЖШС-мен жалпы сомасы 159 миллион 960 мың 907 теңгеге ҚМЖ-ға №25 шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың 20 мамырында басталды. Құрылыс-монтаждық жұмыстарының аяқталуы 2020 жылдың тамыз айына жоспарланған.
  4. «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы» (Нүсіпов көшесі) нысаны бойынша 10.02.2020 ж. №ЭЦКос-0008/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны - 247 миллион 288 мың теңге, техникалық қадағалау - 8 миллион 12 мың теңге, авторлық қадағалау - 2 миллион 770 мың теңге. Жалпы сомасы 258 миллион 069 мың 611 теңгені құрайды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
  5. Бұл үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілерінің салу үшін 13.03.2020 ж. №СП-0015/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны - 39 миллион 088 мың теңгені, техникалық қадағалау – 1 миллион 266 мың теңгені, авторлық қадағалау – 437 мың 786 теңгені құрады. Жалпы сомасы 40 миллион 792 мың 233 теңгені құрайды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
  6. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша 2018 жылы «жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы»(сыртқы электрмен жабдықтау) нысанының ЖСҚ-сы әзірленді. Жобалау ұйымы «Геодезия сервис» ЖШС-гі. 2017 жылғы 29 қыркүйекте жалпы сомасы 2 миллион 800 мың теңгеге №49 шарт жасалды. 30.11.2018 жылғы №ЭPRO-0361/18 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны 110 миллион 719 мың теңгені, техникалық қадағалау - 3 миллион 857 мың 282 теңгені, авторлық қадағалау – 1 миллион 240 мың 048 теңгені құрады. Жалпы сомасы 115 миллион 545 мың 901 теңгені құрайды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінімдер жіберілді.

 

  1. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 21 төрт бөлмелі жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысы (әрқайсысы 80 шаршы метр 10 үй және әрқайсысы 100 шаршы метр 11 үй) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылдың 12 сәуірінде Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «АРС ЛТД» ЖШС анықталды. 2019 жылғы 5 маусымда «АРС ЛТД» ЖШС-мен жалпы сомасы 10 миллион 297 мың 776 теңгеге №55 келісім-шарт жасалды (жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 12,7 ай, сараптамадан өтумен 13,5 ай шарт бойынша).           2019 жылға 2 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні қаржы бөлінбеуіне байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары тоқтатылды.

 

  1. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы» (Мырзабеков көшесі) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Жеңімпаз болып «Ремстройпроект» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 18 мамырда жалпы сомасы 7 миллион 912 мың 764 теңгеге №29 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 8,5 ай). 2020 жылға 2 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Сумен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, телефон желілрін таруға техникалық шарттар алынды, дозиметрлік бақылау ХАТТАМАСЫ алынды. Жерге орналастыру жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  2. Ағымдағы жылдың 12 наурызында Көксу ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында осы үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілер салу үшін конкурс жарияланды. Жеңімпаз болып «Геодезия Сервис» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 12 мамырда жалпы сомасы 1 миллион 987 мың 108 теңгеге №28 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 6 ай). 2020 жылға 2 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

 

  1. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы» (Қаблиса көшесі) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін конкурс жариялау үшін Көксу ауданы әкімінің аппаратына өтінім берілді. Конкурс 2020 жылдың 4 маусымында жарияланды. Жоба-ізденіс жұмыстарының сомасы 12 миллион 80 мың теңге. 2020 жылға 2 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні өтінімдерді қарау жүргізілуде. Сумен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, телефон желілерін тартуға техникалық шарттар алынды, дозиметрлік бақылау ХАТТАМАСЫ алынды. Жерге орналастыру жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  2. Ағымдағы жылдың 12 наурызында Көксу ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында осы үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілер салу үшін конкурс жарияланды. Жеңімпаз болып «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 25 мамырда жалпы сомасы 6 миллион 919 мың 709 теңгеге №33 келісім-шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 12,1 ай). 2020 жылға 2 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні            жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.




«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша

  1. Осы бағдарлама бойынша «Алматы облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектеп құрылысы» нысаны бойынша 2019 жылдың 31 қаңтарында мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «СП NEFT» ЖШС-гі анықталды. 2019 жылғы 22 сәуірде «СП NEFT» ЖШС-мен жалпы сомасы 717 миллион 653 мың 234 теңгеге №34 келісім-шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың 6 мамырында басталды. Қысқы уақытта ауа райына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 14 наурызға дейін тоқтатылды. Қосымша келісім жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың 15 наурызынан жалғасты. Нысанды тапсыру 2020 жылдың 27 шілдесіне жоспарланған.

 

  1. «Алматы облысы Көксу ауданы Баплық би ауылында 200 келушіге арналған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратының құрылысы» объектісі бойынша 26.03.2020 ж. №ЭЦКос-0022/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны – 435 миллион 839 мың теңге, техникалық қадағалау - 14 миллион 121 мың теңге, авторлық қадағалау – 4 миллион 881 мың теңге. Жалпы сомасы 454 миллион 842 мың 030 теңге. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.

 

  1. Сонымен қатар «Алматы облысы Көксу ауданы Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша 20.04.2020 ж. №18-0041/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны - 1 миллиард 73 миллион 765 мың теңгені, техникалық қадағалау - 31 миллион 461 мың теңгені, авторлық қадағалау - 10 миллион 845 мың теңгені құрады. Жалпы сомасы 1 миллиард 116 миллион 071 мың 322 теңге. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.

 

  1. Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы шағын орталығы 25 орындық 120 орындық орта мектеп құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылғы 12 сәуірде Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша «Типтік және эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты (тұрғын үй институты)» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталды. 2019 жылғы 16 маусымда «Типтік және эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты (тұрғын үй институты)» ЖШС-мен жалпы сомасы 36 миллион 123 мың 840 теңгеге №61 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 14,6 ай, сараптамадан өтумен 17,1 ай). 24.06.2020 жылға 23 миллион 465 мың теңге игерілді. «НИИТЭП (тұрғын үй институты)» ЖШС-гі жобалау ұйымы қосалқы мердігерлік жұмыстарға «АРС ЛТД» ЖШС-мен шарт жасады, бүгінгі күні жұмыстар 70% орындалды.

 

  1. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Қаратал ауылындағы шағын орталығы 25 орындық 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2020 жылдың 12 наурызында Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС анықталды. Жоба-ізденіс жұмыстарының сомасы 41 миллион 339 мың теңге. 2020 жылға 36 миллион 531 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні конкурс шағым қаралуда. Сумен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, телефон желілерін тартуға техникалық шарттар алынды, дозиметрлік бақылау ХАТТАМАСЫ алынды. Жерге орналастыру жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

  1. Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылындағы Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «Стройтекст» ЖШС анықталды. 2020 жылғы 25 мамырда жалпы сомасы 7 миллион 717 мың 773 теңгеге №31 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 6,1 ай). 2020 жылға 5 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды. Жер учаскесін таңдау актісі, жер комиссиясының қорытындысы алынды.

 

  1. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы интернат ғимаратына ас блогы-асхана жапсарма құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «Стройтекст» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 14 мамырда жалпы сомасы 6 миллион 808 мың 210 теңгеге №30 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 4,6 ай). 2020 жылға 9 миллион 307 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды.

 

  1. Сондай-ақ, Алматы облысының құрылыс басқармасы «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы» нысанының үлгілік жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастады. Жобалау ұйымы «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС-гі. Бүгінгі күні Жерге орналастыру жобасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Дата публикации
01 июля 2020