«Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1-тармақшасы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау";

2) "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру";

3) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу";

4) "Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу";

5) "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру";

  1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" бойынша жыл басынан 144 отбасы, оның ішінде 791 адам атаулы әлеуметтік көмек алады.
  2. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" бойынша 2023 жылдың 01 маусым айына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімді кәсіби оқуға 73 адам, жастар практикасына 22 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам, қоғамдық жұмысқа 614 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 13 адам, «Күміс жас жобасы» бойынша 45 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2 адам жұмысқа жолданды.
  3. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" бойынша аудан бойыншга жыл басынан 1573 адам тіркелді.
  4. "Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" 1353 адам тіркелді.
  5. "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру" бойынша жыл басынан 9 адам жұмыссыз туралы анықтама алды.
Дата публикации
20 июня 2023