Ауданның білім бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындысы

2019 жылы ауданда барлығы 41 білім және тәрбие беру мекемесі, оның ішінде 21 орта мектеп, 1 орта мектеп-гимназия, 2 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 14 мемлекеттік, 1 жекеменшік балабақша, 1 музыка мектебі жұмыс істеді.
Мемлекеттік балабақшадағы орын саны -1460, жекеменшік балабақша-20 орын, шағын орталық-320 балаға арналған. Жалпы 1800 балаға арналған. Бүгінгі күнде балабақша мен шағын орталыққа келіп жүрген бала саны-1225. Айырмашылық-757 бала, яғни бұл дегеніміз балабақша сыйымдылығымен ауылды жерлерде бала саны толмай отыр деген сөз.
Аудан бойынша 1-6 жастағы бала саны-5316, 3-6 жастағы бала саны-2673. Оның 1282-сі мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. бұл -99,7% құрап отыр.
Аудандағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде бүгінгі күнде барлығы 249 педагог жұмыс істейді. Олардың 141-і жоғары білімді. Педагогтардың білімдерін жетілдіру, балаларды тәрбиелеудегі жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі бақылауға алынған. Бүгінгі таңда осы педагогтардың 80% пайызы білім жетілдіру курстарында қайта даярлаудан өткен және білімдерін жетілдірген.
Ауданда балабақшалар мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес тәрбие мен білім берумен қатар, балалардың денсаулығы мен мүмкіндігін дамыту мәселелері де сырт қалмаған. Аудан орталығында орналасқан «Балдәурен» балабақшасында 20 орындық сауықтыру тобы жұмыс істейді. Мұнда тубвираж және тубқатынастағы балалар 4 мезгіл тегін тамақтанады және ем қабылдайды.
Мемлекеттік стандартқа байланысты көпбалалы отбасы балалары кезексіз балабақшаға орналастырылады.
2019 жылдың 1 шілдеден бастап барлық балабақшаларда көпбалалы отбасының 99 баласы атаулы әлеуметтік көмек, яғни 100 пайыз тегін тамақпен қамтылады. Оған 7 млн. 75 мың теңге қаражат бөлінді.
Оқу жылының басында аудан мектептерінде 474 класс-комплектіде 8066 оқушы (39- сынып комплектіде 669 оқушы - дайындық тобы, 435 сынып- комплектіде 7397 оқушы – 1-11 сынып) тіркелді. Аудан бойынша оқушылардың сыныптардағы орташа толымдылығы -17,1 % пайызды құрады. Оқу жылының басынан 20 мектептен 69 оқушының дәрігерлік психологиялық-педагогикалық анықтамасына байланысты үйден оқытылуы ұйымдастырылды. 2019 жылдың аяғына 78 оқушы ұйден оқытылады, оның 5-і уақытша үйден оқыса, 73-і оқу жылына үйден оқумен қамтылды. Аудан бойынша 17 мектепте инклюзивтік оқыту ұйымдастырылған, онда 25 арнайы маман жұмыс істейді. Оқушыларды толық сапалы біліммен қамту үшін 11 елді мекеннен 227 баланы тасымалдап оқыту ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 318 бала ішкі тасымалдаумен қамтылды.
Ауданда білім беруді қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғаю үстінде. Ауданның білім саласын қаржыландыруға, оның ішінде 2019 жылы 22848,0 мың теңгеге 100 компьютер сатып алынды.
Жаңа буындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 56573,0 мың теңге. 91447,0 мың теңгеге оқулықтар сатып алынды.
2019 жылға Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу және сеисмикалық күшейту жұмыстарына 510026,0 мың теңге бөлінді.
Оқу жылында 20 мектепте асхана жұмыс істеді. Бұл аудандағы мектептердің 80 % пайызын құрайды. Сонымен қатар ыңғайластырылған 5 мектепте буфет жұмыс істеді. Оқу жылы басынан 666 бала жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы тегін ыстық тамақпен қамтылса, 368 бала буфет арқылы тегін тамақтанды. Бұл 20 пайызды құрайды.
Сұйық отын сатып алуға 129 млн 226 мың теңге бөлінген. Оқу жылында білім беру мекемелері сұйық отынмен 100 пайыз қамтылды.
Мектептердің барлығы 100% Кең жолақты интернет желісіне қосылған.
Аудан бойынша 11 мектепте лингофонды – мультимедиялық кабинет бар. 25 мектепте барлығы 102 интербелсенді тақта бар.
Білім ұйымдары бойынша жаңа үлгідегі жабдықталған 12-физика, 11- химия, 11-биология кабинеттері бар. 11-лингафонды-мультимедиялық кабинет бар.
«Күнделік.кz» электронды журнал жүйесіне ауданның 25 мектебі толық қосылып, жұмыс істеуде.
Оқу жылының 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан мектептеріндегі орташа білім сапасы –59,8%. бірінші тоқсанды 1193 оқу үздігі, 2789 оқу екпіндісі аяқтады.
2019 оқу жылында “Алтын белгі” белгісіне үміткер ретінде 24 оқушы ұсынылған. Олар мемлекеттік қорытынды аттесттау нәтижесінде барлық:
«Үздік аттестатты 18 оқушы иеленді.
Ауданның білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы мен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында 17 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Аудан аумағындағы 25 жалпы білім беретін мектептерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында психологтар, сынып жетекшілері, мейірбикелер, мектеп инспекторлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының құрамымен бекітілген «жедел анықтау» топтары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубтары және үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылды.
Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 бала тіркелген. Оның ішінде 2 бала патронаттық тәрбиеде болса, 44 баланы жақын туыстары қамқорлығына алған. Осы балаларға барлық жағдай жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Балалар баспана алу кезегіне қойылған. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-ұстауға қамқоршыларға 15 млн теңге, патронаттық тәрбиешілерге 1 млн 644 мың теңге қаражат бөлінген.
Әлеуметтік көмек ретінде «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуына арналған қорғаншылар мен қамқоршыларға жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережесінің» жобасына сәйкес ауданның 39 қорғаншысы мен қамқоршысына ай сайын 25 050 теңге жәрдемақы төленеді.
Білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің жазғы маусымда демалуы мен сауықтырылуы.
2019 жылдың жаз кезінде 6831 бала мен жасөспірім қамтылады, ол барлығы 89,6 пайызды құрады.
Оның ішінде 6114 бала демалыс және сауықтырумен қамтылып (89,50%), еңбекпен – 5109 бала қамтылды (76,2%).
Ауданның білім беру мекемелеріннің мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері:
2019 жылы 8-9 қаңтарда аудан бойынша 27 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен облыстық олимпиадаға қатыстырылып, 10 жүлделі орынды иеленді. Оның ішінде ІІ орын-2 (М.Құрманов атын. № 2 ОМ, Қ.Жалайыри атын. ОМГ), ІІІ орын- 8 (Алғабас ОМ-1, Жапсарбаев атын. ОМ- 1, № 5 ОМ-2, Қ.Жалайыри атын. ОМГ-2, Т.Исабаев атын. ОМ- 1, Б.Құндақбаева атын. №1 ОМ- 1. Республикалық кезеңге бірде- бір оқушы жолдама алмады.
Республикалық, облыстық оқулар нәтижесі:
Республикалық М. Мақатаев оқуларында Мұқаншы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қанад Жансая ІІІ орын жүлдесімен марапатталды.
«Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбындағы жас ақындар айтысының облыстық іріктеу кезеңінен өткен Мұқаншы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қанад Жансая республикалық жас ақындар айтысында ІІІ орын иегері атанып, республикалық М. Мақатаев оқуларында ІІІ орын жүлдесімен марапатталды.
Облыстық кіші ғылым академиясы жарысында оқушыларымыз 2 оқушы - бірінші орын, 4 оқушы - екінші орын, 12 оқушы - үшінші орынға, 13 оқушы Алғыс хатқа ие болып, республикалық жарыста 1 оқушы - екінші орын, 1 оқушы - үшінші орын иеленді.
Зерде республикалық байқауының қорытындысы бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында 14 оқушы - үшінші орын, 8 оқушы - екінші орын иеленсе, 5-7 сыныптар арасында 5 оқушы - үшінші орын, 1 оқушы - екінші орын иеленді.
І Республикалық Бекмаханов олимпиадасына Қазақстан тарихы пәнінен 20 мектептен 300-ден астам мектеп оқушысы қатысты. 121-оқушы- жүлделі бірініші орын, 122-оқушы- жүлделі екінші орын, 48-оқушы жүлделі үшінші орын алды. 8 оқушы- арнайы сертификат иеленді.
 
Бөлім басшысы Т.Сейтнязов
Дата публикации
01 января 2020