Коммуналдық меншікті басқару және үйлестіру жұмыстары бойынша

2020 жылдың 01 қаңтар айына ауданның коммуналдық меншігіндегі жайды сатып алу құқығынсыз жалға беру бойынша 1482,2 мың теңгеге 32 мүліктік жалдау келісім шарты жасалынған. Оның ішінде, 24 білім беру мекемелеріндегі асханасында балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша, 1 музыкалық студиялық қызмет көрсету бойынша, 5 келісім шарт техникаларды санитарлық қызмет көрсету бойынша, 1 кеңселік тауарларды сату бойынша, 1 кеңсе ретінде пайдалану үшін.
201508 «Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер» коды бойынша 2019 жылға жоспарланғаны 970.0 мың теңге, нақты түскені 1558,1 мың теңге немесе 160,6%.
Теңгерімұстаушы «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша коммуналдық меншіктегі «Ford Transit Sollers Sb-if» автокөлігі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға қойылып, 3 жыл мерзімге «Инво-көмек» қоғамдық бірлесітігі электронды тендер арқылы жеңімпаз атануына байланысты, бүгінгі күнде аудан аймағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бойынша сенімгерлік басқаруға алып, жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік коммуналдық меншікті сату, жекешелендіру бойынша бүгінгі күнде ауданның коммуналдық меншігіндегі қызмет бабында жарамсыз, 100 пайыз тозығы жеткен 2 автокөлік бағаны жоғарлату әдісімен электронды түрде мемлекеттік тізілім веб-порталына шығарылып, портал бойынша өтінімдер тіркелмеуі себебінен өтілмеді деп саналып, 2020 жылға бағаны төмендету әдісімен жекешелендіруге үшін жұмыстар атқарылуда.
 
 
     Көксу ауданының қаржы
бөлімінің басшысы А.Джетписбаева
Дата публикации
01 января 2020