2020 жылдың I тоқсанында аудан аумағында жер қатынастары саласында атқарылатын іс-шаралар қолданыстағы жер заңнама талаптарына және бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жер қатынастары саласы бойынша түскен өтініштер аудандық және ауылдық округітерде құрылған жер қатынастарын реттеу комиссияларымен қаралды.
2020 жылдың I тоқсанында бөлімге 37 өтініштер түсті. Түскен өтініштерден – 13 заңды тұлғалардан, 24- жеке тұлға азаматтардан.
2020 жылдың I тоқсанында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 03 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығына сәйкес азаматтар мен заңды тұлағаларға 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
Оның ішінде: «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызмет түрі бойынша-121.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-1
«Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу»-6
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»-3
Сонымен қатар, бөлім мамандарымен 152 келісім-шарттар жасалды, оның ішінде: 136- жеке шаруа қожалықтарымен жер телімдерін тиімді, нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, 16- келісім-шарт тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жер телімдерін пайдалануға.
Ауданның жер қатынастары бөлімі мамандарымен азаматтар мен заңды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген іс-шаралар мен қызметтер бойынша жүргізілетін жұмыстар бөлімде белгілініп, бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жүргізілген жұмыстар ауылдық округтер әкімдігінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Көксу ауданыны бөлімшесінің және Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандарымен бірігіп атқарылды.
Бөлім басшысы А. Ахметов