Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысы бойынша ақпарат

Көксу ауданы бойынша 2020 жылдың 01 сәуір айына 280 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оларды экономикалық сала түрлеріне бөлгенде, ауылшаруашылығы - 85, көтерме және бөлшек сауда - 10, уақытша орындар -185 орындар құрылған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 1529 отбасына немесе 5381 адамға 14434,0 мың теңге төленді. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі 32 жанұяға 729,6 мың теңге төленді.
Туберкулез індетімен ауыратын 9 адамға 304,9 мың. теңгеге және аудан бойынша 2 ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне жыл басынан 47,7 мың. Ауған соғысының қатысушыларына - 27 адамға 1350,0 мың. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 62 балаға 2658,5 мың теңге көмек көрсетілді. Жоғарғы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2 студенке 350,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында ауданда әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі адамдар арасынан 20 адам міндетті гигиеналық құралдармен және көмекші (орын толтырушы) құралдармен, 81 адам протездік ортопедиялық құралдармен, 36 адам қол арбамен, 31 адам тифло құралдармен, 16 адам сурдо құралдармен, 1 адам таяқ, 32 адам санаторлы – курорттық жолдамамен қамтамасыз етілді.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлетігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры арқылы 42 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 42 жеке көмекшінің қызметтері 4599,0 мың теңгеге көрсетілді.
Көксу ауданының «Салауат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Нұрлы көмек» ЖШС-інің 2 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері 13 мүгедек адамға көрсетіліп, 894,0 мың теңге төленді.
«Инвакөмек» мүгедектер қоғамы аудандағы 33 мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау жұмыстарын жүргізеді 894,0 мың теңгесі игерілді.
Мүмкіндігі шектеулі 35 балаға үйден 8 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 74 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар мен мүгедектерге 16 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6-і 1,2 топтағы мүгедек, 68-ы жасына байланысты зейнеткерлер.
2017 жылдың 3 қараша айында «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22-3 Көксу ауданының Маслихатының шешімі қабылданып, осы шешімге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 адамға 39765 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
 
 
Бөлім басшысы А.Шаяхметова
Дата публикации
01 апреля 2020