«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша
Аталған бағдарлама бойынша Балпық би ауылында 2020 жылдың 29 қаңтарында 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы үшін Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Қорытынды хаттамасы бойынша «СП «NEFT» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2020 жылдың 19 наурызында «СП «NEFT» ЖШС-мен жалпы сомасы 550 миллион 655 мың 493 теңгеге ҚМЖ-ға №19 келісім-шарт жасалынды. Құрылыс-монтаждық жұмыстарының басталуы 2020 жылдың 8 сәуіріне жоспарланған.
Осы уйдің абаттандырылуы және ннженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысының жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу толығымен аяқталып, 24.02.2020 ж. №ЭЦКос-0015/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2020 жылдың 10 наурызда Көксу ауданы әкімінің аппратымен Құрылыс-мотаждық жұмыстарға мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 1 сәуіріне белгіленген.
Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілер салу(сыртқы сумен жабдықтау) үшін 2020 жылдың 29 қаңтарында Алматы облысының сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «Дәнекер» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта конкурс шағым қаралуда (на обжаловании).
Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы» (Нусипов көшесі) нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 10.02.2020 ж. №ЭЦКос-0008/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны 247 миллион 288 мың теңгені құрады. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждық жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
Осы үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу толығымен аяқталып, 13.03.2020 ж. №СП-0015/20 сараптамасының оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны 39 миллион 088 мың теңгені құрады. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы 21 төрт бөлмелі жалгерлік тұрғын үйлердің (әрқайсысы 80 м2-10 үй және әрқайсысы 100 м2-11 үй) құрылысы» нысаны бойынша жобалық - сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2019 жылы 12 сәуірде Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша "АРС ЛТД"ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2019 жылғы 5 маусымда " АРС ЛТД "ЖШС-мен жалпы сомасы 10 миллион 297 мың 776 теңгеге №55 шарт жасалды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы» (Мырзабеков көшесі) нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне ауыстырылды.
Осы үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілерін құрылысына жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге Көксу ауданы әкімінің аппаратымен 2020 жылдың 12 наурызында Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне ауыстырылды.
Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы» (Каблиса көшесі) нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурс жариялауға Алматы облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім берілді.
Осы үйдің абаттандырылуы және инженерлік-коммуникациялық желілерін құрылысына жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге Көксу ауданы әкімінің аппаратымен 2020 жылдың 12 наурызында Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне ауыстырылды.
«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша
Осы бағдарлама бойынша «Алматы облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша 2019 жылы 31 қаңтарда Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша "СП NEFT"ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2019 жылғы 22 сәуірде "СП NEFT" ЖШС-мен жалпы сомасы 717 миллион 653 мың 234 теңге № 34 шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы 6 мамырда басталады. Қысқы уақытта ауа райы жағдайына байланысты құрылыс-монтаждық жұмыстары 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 14 наурызына дейін тоқтатылды. Қосымша келісім-шарт жасалып, ГАСК-дан хабарлама ұзартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың 15 наурызынан жалғастырылды. Нысанды тапсыру 2020 жылдың 27 шілдесіне жоспарланған.
Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектепт құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 12 сәуірде Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша «типтік және эксперименталды жобалау ғылыми-зерттеу институты (тұрғын үй институты)» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2019 жылғы 16 маусымда «үлгілік және эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен жалпы сомасы 36 миллион 123 мың 840 теңгеге №61 шарт жасалды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 15 ақпанда Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытынды хаттамасы бойынша «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2019 жылғы 18 сәуірде «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС-мен жалпы сомасы 36 миллион 123 мың 840 теңге №35 шарт жасалды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталды. ЖСҚ-лар сараптамадан өтуде. Сарапшылардың ескертулері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сараптаманың шығуы 2020 жылдың сәуір айының басына жоспарланған.
Сондай ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Қаратал ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім берілді.
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша 26.03.2020 ж. №ЭЦКос-0022/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылындағы Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне ауыстырылды.
Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы интернат ғимаратына ас блогы-асхана ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімінің аппараты 2020 жылдың 12 наурызында Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне ауыстырылды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша
2019 жылы Көксу ауданы Балпық би ауылында «Smart Taldykorgan» ЖШС-гі жеке құрылыс салушысы бар 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі уақыт та құрылыс жұмыстары толық аяқталды, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Smart Taldykorgan» ЖШС-мен меморандум жасалды. Бұл бағдарлама бойынша сатылатын болады 15 пәтер.
Сондай-ақ 2019 жылы Балпық би ауылындағы 14 көшесі бойынша «Стройсервис ИНК» ЖШС 10 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі уақытта абаттандыру және құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Стройсервис ИНК» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды. Осы бағдарлама арқылы 5-7 үй сатылады деп жоспарлануда.
Көксу ауданының құрылыс бөлімі апта сайын бейсенбі күндері Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «7-20-25» бағдарламасы бойынша пул бойынша ақпарат алады. Соңғы уақытта өзгерістер жоқ.
Бөлім басшысы Қ.Әдетбеков