Жер қатынастары саласында 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы М Ә Л І М Е Т

2020 жылдың ІІ тоқсанында аудан аумағында жер қатынастары саласында атқарылатын іс-шаралар қолданыстағы жер заңнама талаптарына және бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жер қатынастары саласы бойынша түскен өтініштер аудандық және ауылдық округітерде құрылған жер қатынастарын реттеу комиссияларымен қаралды.
2020 жылдың ІІ тоқсанында бөлімге 58 өтініштер түсті. Түскен өтініштерден – 16 заңды тұлғалардан, 42- жеке тұлға азаматтардан.
2020 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 03 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығына сәйкес азаматтар мен заңды тұлағаларға 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
Оның ішінде: «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызмет түрі бойынша-204.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-1
«Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу»-26
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»-3
Сонымен қатар, бөлім мамандарымен 226 келісім-шарттар жасалды, оның ішінде: 198- жеке шаруа қожалықтарымен жер телімдерін тиімді, нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, 28- келісім-шарт тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жер телімдерін пайдалануға.
Ауданның жер қатынастары бөлімі мамандарымен азаматтар мен заңды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген іс-шаралар мен қызметтер бойынша жүргізілетін жұмыстар бөлімде белгілініп, бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жүргізілген жұмыстар ауылдық округтер әкімдігінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Көксу ауданыны бөлімшесінің және Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандарымен бірігіп атқарылды.
 
 
Бөлім басшысы А. Ахметов
Дата публикации
01 июля 2020