VII шақырылған Көксу аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Көксу аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Көксу ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 26 794 азамат енгізілді,  оның ішінде 24 160 адам немесе 90,17 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 24 160 адам қатысты, оның ішінде  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 178 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде Саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 20 029 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 82,99 % дауысы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2004 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,30%;

«Қазақстан халық партиясы» - 1891  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,84%;

«ADAL» саяси партиясы – 211 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,87%;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –1 мандат;

«Қазақстан халық партиясы» - 1 мандат.

                                                                         Көксу аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 мая 2023