Көксу ауданында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу туралы

Дана халқымызда «Ұшқын ұлғайса, өртке айналады, жемқорлық ұлғайса дертке айналады» деген ұлағатты сөз бар. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан президент өзінің "Қазақстан-2050" стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атады. Қазіргі таңда қоғам арасында сыбайлас жемқорлық жазылмайтын дертке айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан көлемінде барлық мекеме, бөлім қызметкерлеріне, депутаттарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Не қиындық болсадағы саспайтын. Азамат бол, мейлі қалай болсада, Қиянатқа қылдай қия баспайтын» - деп ақын Сағындық Тәнеке ағамыз жырлағандай, өскелен ұрпақ жемқорлықтың неге алып келетінің, неге апарып соғатының, өзінің де, өзгенің де өміріне өте зиян келтіретінің нақты түсінулері тиіс. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Біздің басты мақсатымыз халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түбегейлі түсіндіру, оның кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарта отырып, оның деңгейін төмендету біздің азаматтық борышымыз болып табылады. Сол себептен біздің ауданымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша ары қарай жұмыстарын жалғастыратын болады.

Дата публикации
24 апреля 2023