Қазақстанда жүргізуші куәлігін жоғалтқан уақытта, мерзімі өткен кезде, жарамсыз болған жағдайда, мерзімі аяқталуға жақын қалғанда немесе суретіңіз ұнамаса, жарамсыз болса Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары және egov.kz порталы арқылы өтініштерді тапсыруға болады.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж салығы 1,25 АЕК, яғни 4 313 теңгені құрайды.