Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

 

 

 

 

 

 

Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының                          6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Көксу ауданы әкімдігінің «Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27333 болып тіркелген) қаулының күші жойылды деп танылсын.
  3. "Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты- жөні

 

 

 

Дата публикации
10 апреля 2023