Ерікті жарналар дегеніміз не және оны аудару керек пе?
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы жарналарының 3 түрінен тұрады. Олар: міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары.
Халық арасында барынша танымал болып үлгерген жарналардың алғашқы екі түріне қысқаша тоқталып өтейік:
- міндетті зейнетақы жарналары, қысқартылғанда – МЗЖ. Бұл біздің жалақымыздың 10%-ы. Оны жұмыс беруші БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотымызға ай сайын аударып отырады;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе МКЗЖ – жұмыс берушінің зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін өтемақысы. Мұндай жарналардың мөлшері қызметкердің жалақысының 5%-нан құралады. Бірақ жұмыс берушінің бюджетінен төленеді. Мамандығы шахталарда, кеніштерде, пайдалы қазбаларды өндіру кеніштерінде және басқа да зиянды немесе қауіпті қызмет салаларымен байланысты азаматтар жарналардың осы түрін алуға құқылы. Мұндай кәсіптердің толық тізімі Үкімет қаулысымен бекітілген және оны adilet.zan.kz сайтынан көруге болады.
Жарнаның үшінші түрі туралы «БЖЗҚ» АҚ Өңірлік даму департаментінің директоры Мамила Мұсабековадан анықтап білдік.
- Мамила Құрманжанқызы, ерікті зейнетақы жарналары дегеніміз не және оны кімдер төлей алады?
- Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл зейнетақы капиталын айтарлықтай толықтырудың тиімді тәсілі. Атауы айтып тұрғандай, оны кез-келген адам өзі үшін ғана емес, жақындары үшін де, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының шотына аудару арқылы дажүзеге асырсаболады. Болашақта олар мұны міндетті түрде бағалап, сізге өте риза болатынына сенімдімін!
- Айтыңызшы, заңды тұлғалар ЕЗЖ енгізе алады ма?
- Әрине, мысалы, заңды тұлғалар өз қызметкерлері үшін ерікті зейнетақы жарналарын міндетті жарналарға қосымша бонус ретінде аудара алады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, яғни оған салық салынбайды. Жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі, яғни бұл жағдайда жұмыс беруші де артықшылықтарға ие болады.
- БЖЗҚ-да ерікті шотты қалай ашуға болады?
- ЕЗЖ бойынша шоттар, жарналардың барлық түрлері сияқты, зейнетақы қорына алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады, яғни салымшыға БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері сияқты барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
ЕЗЖ екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы аударылады. Сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беріп, соның негізінде ол өтініш берушінің не өтініште көрсетілген үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударатын болады.
- Түсінікті. Ал кейбір салымшылардың ЕЗЖ шоттарында күтпеген сомалардың пайда бола бастағаны қалай орын алды?
- Иә, бізге бұл сұрақ жиі қойылады, бірақ осы туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз.
Бұл 2022 жылы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) депозиттердегі кепілдік өтеудің талап етілмеген сомаларын БЖЗҚ-ға аудару рәсімінің іске қосылуына байланысты. Бірнеше жыл ішінде таратылған банктердің депозиторларының талап етілмеген сомалары ҚДКБҚ-да болды. Көптеген адамдар үшін өтініш беру мерзімі әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан заңнамалық деңгейде оларды БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы шоттарына аудару туралы шешім қабылданды. Салымшылар үшін ең маңыздысы, олардың ЖЗШ-на ҚДКБҚ-дан талап етілмеген сомалар түскен сәттен бастап бұлар зейнетақы активтері сияқты тәртіппен инвестицияланады. Яғни, олар" жұмыс істейді " және инвестициялық табыс әкеледі.
ҚДКБҚ-дан түсімнің бар-жоғын БЖЗҚ және электрондық үкімет сайттарында немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында ЖЗШ-дан үзінді көшірмені қарау арқылы тексеруге болады.
- Салымшылар арасында ерікті жарналар қаншалықты танымал?
- Мен қазір олардың танымалдығы артып келеді деп сенімді түрде айта аламын. Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылғы 1 қаңтарға БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 358 мыңнан астам шот ашылды (өсім өткен жылмен салыстырғанда 484% астам), онда шамамен 3,6 млрд теңге жинақталған (өсім бір жыл ішінде 107% астам).
Жарналардың осы түріне деген халықтың қызығушылығының артуы азаматтарымыздың өз болашағына жауапкершілікпен қарап, ол туралы ойлана бастағанын білдіреді!
- ЕЗЖ бойынша төлемдерді қалай алуға болады? Тек негізгі зейнетақымен бірге жасына байланысты ма?
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 11,4% өсті
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 наурыздағы негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы 1 наурызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері 01.03.2023 ж. дейінолардың өсімі 466,2 млрд теңге (3,2%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 1,54 трлн теңгеге (немесе 11,4%)өсті.
Мұндай өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындарын, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түрінде, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделуге, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б.бойынша қалыптасты.
Қазақстандықтардың жинақтарының 97% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты. 01.03.2023 ж. МЗЖ көлемі 14,7 трлн теңге(бір жылдағы өсім - 11,1%, жыл басынан бері - 3,1%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 наурызынан бастап 21%, жыл басынан бері 4,7% ұлғайып, 466,4 млрд теңгені құрады. Ең үлкен өсімді (жылына 2 еседен астам) көлемі 3,8 млрд теңгені құрайтын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті.
Ағымдағы жылдың 2 айында салымшылардың (алушылардың) шоттарына 319,6 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30% немесе 74 млрд теңгеге жоғары. Айта кетейік, өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: МЗЖ - 30%, МКЗЖ - 25%, ЕЗЖ - 70%.
Салымшылардың (алушылардың) шоттарына шамамен 204,5 млрд теңге таза инвестициялық табыс түрінде түсті. Бұл олардың зейнетақы жинақтарының өсуіне ықпал етті. 01.03.2023ж.жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, зейнетақы жинақтарының құрылымында жинақталған таза кірістің үлесі 36,2% тең болды.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,13 млн бірлікке жетті. Оның ішінде МЗЖ бойынша - шамамен 11 млн, МКЗЖ бойынша - 603,7 мың, ЕЗЖ бойынша – 364,8 мыңбірлік.
Жыл басынан бері БЖЗҚ шамамен 65,15 млрд теңге төледі. 01.03.23 ж. жасына байланысты төлемдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 46% ұлғайып, 24 млрд теңгеден асты. Айта кету керек, Қордан кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері (зейнет жасына толуына байланысты) 32 065 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 742 692 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде орташа айлық төлем сомасы 29 302теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғарытөлем707 326 теңгеболған еді.
Төлемдердің едәуір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған 22,5 млрд теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) құрады. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есе аз. Сондай-ақ, жыл басынан бері мұрагерлік бойынша - 8,1 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты –6 млрд теңге, мүгедектік бойынша –473,3 млн теңге, жерлеуге байланысты төлемдер – 913,7 млн теңгемөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 3,1 млрд теңге аударылды.
Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісіндегі статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтндағы "Көрсеткіштер"бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
- Әңгімеңізге рахмет, Мамила Құрманжанқызы!