КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы04сәуірдегі  №30

Қаулысыменбекітілді

 

 

2023 жылғы 14 мамырға тағайындалғанЖетісу облысыКөксуауданыныңАлғабас және Еңбекшіауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу менөткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың 

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 4 сәуір

 (113-1-б.2,3-т)

 

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып,тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көксу аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2023 жылғы 14 сәуірден кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көксу аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін онкүн мерзімнен кешіктірмей, 2023 жылғы 14 сәуірден кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей, 2023 жылғы19 сәуірден кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан әкімінің аппараты

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндікмерзімненкешіктірмей, 2023 жылғы 19 сәуірден  кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма  бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылғы 5 сәуірде  басталады және 2023 жылғы 18 сәуірде сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.5-т.)

 

 

 

 

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Көксу аудандық сайлау комиссиясы,

қажетті құжаттарды алған сәттен бастап

(4-б,2 т. 113-5 -б.11 т.)

 

 

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және  сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б.8-1) тт 31-б)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Көксу аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңында,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде

(113-4-б)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

 

Паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Қол қою парақтары Көксуаудандық сайлау комиссиясынатапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 7-т)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына әкімдікке кандидаттардың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар.

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күнінеактивтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша)

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 3-т)

 

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірісоргандары

Кандидат тіркелгенкүнненбастап бес күнішінде

(113-5-б. 4-т)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен  сағат 18-00де аяқталады

2023 жылы5 сәуірде басталады және 2023 жылы23 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00де аяқталады

(113-5-б)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Көксуауданы әкімінің аппараты және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылдың 23 сәуірде сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылдың 13 мамырноль сағатта аяқталады

 

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көксуауданы әкімінің аппараты және аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлаукомиссияларына акт бойынша ұсыну     

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,               2023 жылғы 24 сәуірде

(24-б. 5-т)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда, 2023 жылғы 29 сәуірде

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2023 жылғы 4 мамырдан кешіктірмей

(18-б. 5- т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлаубюллетеньдерінучаскеліксайлаукомиссияларынажеткізу

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы.

Сайлауға үш күннен ерте емес және кемінде бір күн қалғанда, 2023 жылғы11 мамырдан ерте емес және 13 мамырдан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2023 жылғы 14 мамырдажергілікті уақыт бойынша сағат06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Сайлаукүніегердауысберудіңбасқауақытыбелгіленбесе,  2023 жылғы 14 мамырдажергіліктіуақытбойыншасағат07:00-ден20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесіндетиісті әкімдер сайлауы бойынша дауысберу нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Егердауыс беруді аяқтаудың басқа уақытыбелгіленбесе,жергіліктіуақытбойыншасағат 20:00-дебасталады(18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандықсайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейінүш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей. 2023 жылғы 18 мамырдан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Көксуаудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2023 жылғы 21 мамырдан кешіктірмей

(45-б, 2-т, 46-б, 113-11-б)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
 
   
     

 

Примечание: В тексте Календарного плана даются ссылки на нормы Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан».

Дата публикации
04 апреля 2023