Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету.
«Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынатын бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл бағдарлама шеңберіндеде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы көлемі 100 айлық көрсеткіш есебінде (2023 жылға 345 000 теңге) және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит көлемі 1500 айлық көрсеткіш есебінен аспайтын (2023 жылға 5 175 000 теңге) мөлшерін құрайды.
2023 жылы 16 560,00 мың теңге қарастырылып, 48 маманға көтерме жәрдемақы, сондай-ақ, 165 600,00 мың теңге қарастырылып, 32 маманға бюджеттік кредит беру жооспарлануда.
2022 жылы 48 маманға көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім беру саласында – 15, денсаулық сақтау – 20, мәдениет саласы – 3, агроөнеркәсіптік кешен – 5, спорт -4, мемлекеттік қызметкер -1.
Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 20 маманға берілді. Оның ішінде: білім беру саласы бойынша – 9, денсаулық сақтау – 8, әлеуметтік қамсыздандыру – 1, спорт – 1, агроөнеркәсіптік кешен – 1.