Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 сәуірде № 10764 тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мыналардың:

       1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7533 тіркелді, 2012 жылғы 30 маусымдағы № 207-208 (27026-27027) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);).

       2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде № 9040 тіркелді, 2014 жылғы 6 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Б. Имашев



Дата публикации
18 января 2023