Көксу ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 286 оның аудан деңдейінде 58 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензирование», «Е-ЗАГС» электрондық жүйелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және тікелей жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетіледі.
2022 жылдың IV тоқсан бойынша Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 2219 қызмет көрсетілді, оның ішінде, 1677 мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілді, қағаз түрінде 133, ИС ГО арқылы 476, ПЭП арқылы 1201, ЦОН арқылы 409 қызмет түрі көрсетілді. Жалпы жыл басынан 14132 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Нұрлы Көксу» газетіне 45 мақала жарияланды. «Аманат» партиясының кеңес мүшелерімен 4 отырыс өтті. Әлеуметтік желі Көксу инстаграм парақшасы арқылы «Қызмет Лайв» жобасына бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен 17 тікелей эфир өткізілді. Бөлімге келіп түскен хат-хабарлар уақытылы орындалуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 20 семинар, 65 іс-шара, 5 дөңгелек үстел, 6 азаматтарды қабылдау, 4 өңірлік жәрмеңке, 68 инстаграм парақшаларына жариялымдар, 3 баннер, 10408 брошюралар, 5 қоғамдық кеңестің отырыстары, 2 видеоролик түсірілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен IV тоқсанда 574 адам қамтылды, яғни (охват людей).
Көксу ауданының барлық округ әкімдіктерінде, орта білім беру мектептерінде, балабақшаларда, сервистік әкімдікте, аудандық ХКҚО-да және ауданның жергілікті атқарушы органдарында (спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) барлығы 54 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Көксу ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік мекемелерде ҚР-ның 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң талаптары және қағидаларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бекітілген жоспарға сәйкес, ішкі бақылау 2021 жылғы 24 желтоқсандағы аудан әкімінің «Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 270-ө н/қ өкіміне сәйкес, 17 мекемеге тексеру жұмыстары жүргізілді. Берілген ұсыныстар бүгінгі күнге толығымен орындалды. (Іс-шара ұымдастыру, газетке мақала беру, семинарлар өткізу)
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар түскен жоқ. Ең бірінші адамдар тақырыбында - 3 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Аудан әкімінің 2022 жылдың 18 наурыздағы №57-ө н/қ өкімі негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талдау тобы құрылған. Құрылған талдау тобының мүшелері бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар заң талаптарына сай жасалғандығын анықтау үшін – 10 тексеру жүргізіп, бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер толығымен орындалды. (Пандус, брайль шрифт, автотұрақ белгісін орнату).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мақсатында ауданымызда мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдарын түсіндіру жұмыстары, ведомствалық бағынышты мекемелерге ішкі бақылау жұмыстары және электронды қызметтерді пайдалануды халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен күнделікті байланыс орнатылған, осы арқылы қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі, қызмет көрсету барысында мемлекеттік мекемелердің Заң талаптарын сақтауы және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі күнделікті бақылауда. Сонымен қатар, ИС «Мониторинг» ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізілуде.