Кәсіпкерлікті қолдау – міндетіміз.
Кез келген кәсіпкер бинесті қаржыландыру немесе ұйымдастыру бойынша көптеген қиындықтармен кездеседі. Бизнесте жаңа бастама жасап жатқан кәсіпкердің көптеген күмәндары мен қорқыныштары болады, дегенмен өзінің бизнесінен табыс табатынынан да үмітін үзбейді. Кеңсе жұмыстарын жеңілірек атқару үшін немесе бизнестен айнып қалмай тұрғанда мемлекеттен көмек алуға болады. Мемлекет бастама үшін қаржылай көмек береді және бизнесті бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді.
Жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстар бойынша 2022 жылы Көксу ауданында ұлттық 20 жоба іске асырылды. Жобаларды қолдау мақсатында, жалпы соммасы 291 488 млн/теңге бөлініп,оның ішінде субсидияланған 7 жоба, жалпы соммасы 203 493 млн/теңге, ішінара кепілдікпен 8 жоба жалпы соммасы 62 995,1 млн/теңгеге несие алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арқылы 5 кәсіпкерге 5 млн теңгеден 25 млн теңгеге қайтарымсыз грант берілді. Ағымдағы 2023 жылға қазірдің өзінде қайтарымсыз грант алғысы келетін, ниет білдіріп отырған адамдар саны 2 есе артуда. Көксу ауданының әкімдігі және Аудандық кәсіпкерлік бөлімі аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерге үнемі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер жайлы әлеуметтік желі арқылы хабардар етіп, түсініктеме беруде.