Көксу аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы қаулы

КӨКСУ  аудандық                                    КОКСУСКАЯ  районная

сайлау  комиссиясы                          избирательная комиссия

           

            ҚАУЛЫ                                                         ПОСТАНОВЛЕНИЕ
                                                                                                                                                                               

 

041200  Балпық би ауылы, Мырзабекова к-сi, 42 үй           041200   село Балпық би,  ул. Мырзабекова 42

Телефондары: 8/72838/20109                                                  Телефоны: 8/72838/20109   

                                                          

_____________________   № __________                  

___________________________________

 

 

 

 

 

           

Көксу аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Көксу аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы _____ желтоқсандағы №_____ «Көксу аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Көксу аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. №1 - №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Көксу аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Көксу аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы аудан әкімінің сайтында Көксу ауданыдық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Nurly Koksy» газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия төрағасы                                          Ж.Байұзақова

 

Комиссия хатшысы                                          М.Алмабаева

 

Дата публикации
30 декабря 2022