Дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері
Дауыс беру Конституциялық заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері негізінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша беріледі.
Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
1) бар болған жағдайда Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан (бұдан әрі - байқаушылар);
- байқаушының тегі, аты, әкесінің аты, қандай сайлауды байқауға уәкілетті сайлау учаскесінің нөмірі көрсетілген, байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталған қол қойылған жазбаша жолдама;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат.
Байқаушыны сайлау учаскесіне жіберу үшін заңды тұлға қолданыстағы мәртебеге ие болуы керек, яғни оның қызметін тоқтата тұрмауы, оған қатысты тарату рәсімдерін бастауы.
2) қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының әрбір БАҚ-нан бір өкілден;
3) Орталық сайлау комиссиясының аккредиттегені туралы құжат және жеке басын куәландыратын құжат болған кезде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады;
4) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу туралы құжаты және жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде шетелдік БАҚ өкілдері кіреді.
Аудармашы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде шет мемлекеттің және халықаралық ұйымның байқаушысымен, шетелдік БАҚ өкілімен бірге жүре алады.
Дауыс беруге арналған үй-жайда болуға арналған өкілеттіктерді растайтын құжаттар төрағаға сенім білдірілген адамдарды, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларын, Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдерін, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын және шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеуді есепке алу журналында тіркеу үшін ұсынылады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар есепке алу журналына тіркеледі.
Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдері, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары және шетелдік БАҚ өкілдері тіркеу туралы есепке алу журналында сайлау учаскесіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысқаны туралы өз қолын қояды.
Байқаушылардың, шетелдік байқаушылардың және БАҚ-тың құқықтары мен міндеттері Конституциялық заңның 20-1, 20-2, 31- баптарында көзделген
Фото-және бейнежазбаны жүзеге асыру және пайдалану дауыс беру құпиясын, сайлаушылардың дербес деректерін және заңнаманың өзге де талаптарын қорғау ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.