Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

ЖОБА

 

Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Көксу ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Көксу ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Көксу ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 04-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79973 тіркелген).

2) «Көксу ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы»2015 жылғы 14 қаңтардағы № 01-01 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86003 тіркелген).

3) «Көксу ауданы әкімінің «Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 127922 тіркелген).

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау,аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Абибековке жүктелсін.    
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
01 сентября 2022