Мемлекеттік қызметтер-қол жетімді

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі 1 мемлекеттік қызмет ұсынады. Ол - аудан аумағында тұрып спортпен шұғылданатын спортшыларға спорттық разрядтар мен атақтар беру беру.

Көптеген спорт әуесқойлары уақыт өте спорт оладрдың өмірінің ажырамас бөлігіне айналағанын түсінеді. Жыл сайын қазақстандықтар арасында дене шынықтырумен айналысатын адамдардың саны ұлғаюда. Спортпен шұғылдынудың белгілі бір мезгілі өткен соң спортшы кәсіби тұрғыдан өсіп-өніп,  содан жарыстарға қатысып, орындар алып белгілі бір нормативтарды орындай бастайды. Осы мақалада Қазақстан спортшыларына берілетін белгілі бір атақтар, разрядтар түрін  және біліктілік санаттарын алу бойынша ақпаратпен танысуға болады.

  • "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган береді.
  • "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", 1 разрядты спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
  • 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.

 

         Жоғарыда көрсетілген атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын алу үшін құжаттарды тапсыру үшін Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгіне аласыз. Ал "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, Ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру бойынша құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ электрондық үкімет порталында онлайн қызметтіерді пайдалануға мүмкіншілік бар: Спорттық атақтар мен санаттар беру, спорттық разрядтар (1,2,3 разрядтар) беру, спорттық разрядтар мен санаттар беру.

 

         Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі спорттық санаттар және спорттық разрядтар беру бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынады. Ол - аудан аумағында тұрып спортпен шұғылданатын спортшыларға көрсеткен нәтежиелері бойынша беріледі. Яғни әр спортшы аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда көрсеткен нәтежиелерін негізне алып берілед. 2022 жылың басынан бастап 11 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның барлығы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсіп, барлығы дерлік коммисия отырысында қаралып оң нәтежиелі болды

ГМемлекеттік қызметтер-қол жетімді
Дата публикации
16 мая 2022