Көксу ауданының 2021 жылға бекітілген бюджет көлемі 7551289,0 мың теңге, түзетілген бюджет 6972564,0 мың теңге құрайды.
2021 жылдың 01 қазан айына бюджеттің кірістері бойынша 5372926,7 мың теңге сомасында орындалған, түзетілген жоспары 5300991,0 мың теңге немесе 101,4 %. Облыстық бюджет есебінен 4766270,0 мың теңге сомасында трансферттер түсті немесе 100,0%.
Меншік түсімдер бойынша 2021 жылдың 01 қазан айына 534721,0 мың теңге құрап 606656,7 мың теңгеге орындалды немесе 113,5% оның ішінде:
Салықтық түсімдер бойынша жоспарланған сома 507851,0 мың теңге болса, нақты түскені 578450,0 мың теңге немесе 113,9%.
Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 20083,0 мың теңге болса, нақты түскені 20931,2 мың теңге, немесе 104,2 %.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 6787,0 мың теңге болса, нақты түскені 7275,5 мың теңге, немесе 107,2%
2021 жылғы 01 қазан айына аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,9% -ға игерілді. Қаржыландыру жоспарындағы 2974197,0 мың теңгенің нақты жұмсалғаны 2971738,0 мың теңгені құрап 2459,0 мың теңге игерілмей қалды, оның ішінде:
-1519,0 мың теңге РБ трансферт есебінен және жергілікті бюджеттен еңбекақыдан үнемделген қаражат ;
-265,0 мың теңге -әлеуметтік төлемдерден үнемделген қаражат
-675,0 мың теңге ерекшеліктерден қалдық қаражат.
Көксу ауданының қаржы
бөлімінің басшысы А.Джетписбаева