Мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары жүргізген тексерулер нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік органда және оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

1.Алматы облысы әкімі аппаратының  ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы  25 қаңтардағы  № 3 аудиторлық іс- шараны тексеруді жургізуге тапсырма (тексеруді тағайында туралы акті). Бюджет қаражатын басқару, тауар – материалдық запастардың және өзгеде активтердің сақталуына аудиторлық іс- шараны жүргізу.

Тексеру кезеңі 2018 жылдың 1  қаңтарынан -31 желтоқсанға дейін.

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер

Бағдарлама мәселесі мемлекеттік активтерін пайдаланудың  Қазақстан Республикасының Заңамасына сәйкестігі, активтердің тауарлық материалдық құндылықтардың бугалтерлік есеп құжаттарына сәйкестігі мен олардың бар – жоғын анықтау үшін негізгі құралдар мен туаралық материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тексерілді. Бұзушылқытар анықталмады.

2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша республикалық мемлекеттік мекемесі департаментінің 2019 жылғы 24 мамырдағы  № 28-Э тексеруді тағайындау актісі.

         Тексеру түрі

  1. Қызмет көрсетушілердің құқықтары мен міндеттері.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы.

         22.04.2019 ж – 21.05.2019 жылдар аралығындағы тексеру уақытында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтердің мерзімдері бойыншабұзушылықтар анықталмады.

         2019 жылғы 31 мамырдағы  жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт

         3.Көксу ауадының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық  технолгиялар бөлімі 2020 жылғы 07 ақпандағы № 12-21 ақпанда  мемлекеттік  қызметтер көрсету  заңамасының  сақталуы  бойынша ішкі талдау жүргізілді.

  Тексеру уақытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  бұзушылықтар анықталмаған. Ішкі бақылау туралы акті 17.02.2020 жыл.

4.Қазақстан Республикасының  мемлекеттік істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті  республикалық  ММ-сінің 2020 жылы маусым айының 2 жұлдызында № 52-Э тексеру актісі тағайындалды.

Тексеру түрі: Бақылау мен қадағалау субьектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау  мен қадағалау

  Тексеру уақытында келесі бұзұшылықтар анықталған. Көксу ауданы ауыл шаруашылығы бөлімімен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жобадағы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың  тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары,  сондай ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемленкеттік нөмелік белгі беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9- тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы  не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне кірмейтін құжаттар атап айтқанда техникалық паспорттың түпнқсқалары талап етілген.

Мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары жүргізген тексерулер нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік органда және оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
03 сентября 2021