Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретінаймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының                2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:

  1. Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. "Көксу ауданыныңэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

  1. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы

бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің

Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Құралбаев Қанат Сыбанбаевич    

 «___» «_____________» 2021 жыл

Қосымша
Дата публикации
13 июля 2021