Көксу ауданының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының 5.4.4 тарауына сәйкес, Көксу ауданы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы бекітілсін.
2. «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Текелі қалалық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көксу облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Көксу облысы әкімдігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.К.Халеловке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
10 июня 2021