Көксу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 72-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, 109-бабының 5-тармағына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының6-бабының 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 72-4(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5845 тіркелген, 2021 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 406137 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 882 370 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 21 676 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 26 095 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 475 996 мың теңге;

2) шығындар 7 535 271  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 118 326 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 180 020 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 61 694 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 247 460 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                247 460 мың теңге:

         қарыздар түсімі 180 020 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 61 701 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 129 141 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көксу ауданы мәслихатының сессия төрағасы

 

 

 

Көксу ауданы мәслихаты хатшысы

 

 

Қосымша
Дата публикации
18 мая 2021