Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бағдарламасы

 029 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша, 2019-03-10 жылғы № 3079505-ОК1 ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының хаттамасына сәйкес, "Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ және "Көлсай Строй" ЖШС жалпы соммасы 83 220 300.80 (сексен үш миллион екі жүз жиырма мың үш жүз) теңге 80 тиынға, жұмыстарды аяқтау мерзімі 2019 жылғы 31 шілдеге дейін 2019 жылғы 19 наурыздағы №13 келісім шарт жасасты. Мердігер ұйым мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау – сметалық құжаттамаға сәйкес барлық жұмыстарды орындады.

 Авторлық қадағалау қызметін "Ж. Р. Жәнекенов атындағы жобалау институты" ЖШС ұйымы 185 000.00 (бір жүз сексен бес мың) теңге 00 тиын сомасына жүргізді.

 Техникалық қадағалау бойынша қызметтерді "УКС" ЖШС ұйымы 1062375.00 (бір миллион алпыс екі мың үш жүз жетпіс бес) теңге 00 тиын сомасына жүргізді.

 Нысан толығымен аяқталып, уақытылы пайдалануға қабылданды және ГАСК-те тіркелді.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бағдарламасы
Дата публикации
01 апреля 2021