Көксу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу
немесе салу үшін әлеуметтік қолдаукөрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көксу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (басшы лауазымдарды атқаратын тұлғаларды қоспағанда) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшінәлеуметтік қолдау көрсетілсін.
- Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы» 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 39-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 тіркелген, 2015 жылдың 17 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімініңкүші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясынажүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданымәслихатының сессия төрағасы
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы