бюджетінің орындалу есебіне
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Балпық ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 611,0 мың теңге қаражат бөлінді.
i Осы бағытта Балпық ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы «Ашық конкурс » тәсілімен
«Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы ҚТҚ қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстарына» конкурс жариялады. Конкурс нәтижесінде орындаушы болып "Казахстанская проектно-производственная и строительная компания "КазСтройПроект Сервис"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БИН 190740000349 анықталып, орындаушымен конкурс хаттамасына сәйкес 6 644,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жұмыс 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2020 жылдың тамыз айында аяқталды. Сметалық құжаттама жасау жұмыстарына 252,2 мың теңге қаражат жұмсалды және мелекеттік сатып алу арқылы «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің ҚТҚ полигонын энергия тиімді жарықпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын» жүргізді. Аталған нысан бойынша, орындаушы "Талдыкорганский Трансформаторный Завод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен БИН 160740004801 соммасы 5514,0 мың теңгеге келісім шарт жасасты.Сметалық құжаттама жасау жұмыстарына 199,9 мың теңге қаражат жұмсалды. Жұмыс 2020 жылдың қараша айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталды.
2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.