Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің бюджетінің орындалу есебіне түсіндірме жазба

Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша

бюджетінің орындалу есебіне

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен     1829,0 мың теңге қаражат бөлінді.

  Осы бағытта Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы  «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден»  «Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылындағы спорт аланының автотұрағын ағымдағы жөндеу» жүргізді. Аталған нысан бойынша, орындаушы ""АМОНЯ и К"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен БИН 181240021324 соммасы 1796,4 мың теңгеге келісім шарт жасасты.Сметалық құжаттама жасау жұмыстарына 31,6 мың теңге қаражат жұмсалды. Жұмыс 2020 жылдың қараша айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталды.

  2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.

  Қосымша : орындалған жұмыстар актісі мен жұмысты қабылдап алу актісі түсіндірме жазбамен бірге салынды.

Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің бюджетінің орындалу есебіне түсіндірме жазба
Дата публикации
20 января 2021