Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің бюджетінің орындалу есебіне түсіндірме жазба

Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша

бюджетінің орындалу есебіне

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 897,0 мың теңге қаражат бөлінді.

  Осы бағытта Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы  «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден»  «Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округі Рамазанов көшесіндегі жарықтандыру жүйесіне ағымды жөндеу» жүргізді. Аталған нысан бойынша,     орындаушы "Көксу Көркейту" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен БИН190940000475 соммасы 879,0 мың теңгеге келісім шарт жасасты.Сметалық құжаттама жасау жұмыстарына 17,9 мың теңге қаражат жұмсалды. Жұмыс 2020 жылдың қараша айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталды.

  2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.

  Қосымша : орындалған жұмыстар актісі мен жұмысты қабылдап алу актісі түсіндірме жазбамен бірге салынды.

Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің бюджетінің орындалу есебіне түсіндірме жазба
Дата публикации
20 января 2021