Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары

 Нұр-Сұлтан, Шымкент қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары

 

Алматы қаласының

әлеуметтік әл-ауқат басқармасы

 

  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы жергілікті атқарушы органдар мамандары мен ауылдық округ әкімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталында және
«Е-Собес» ААЖ-да арнаулы әлеуметтік қызметтер бөлігінде жұмыс істеу бойынша онлайн режимде (Zoom арқылы) оқытуды жоспарлап отыр.

  Жоспарланып отырған оқыту кестесіне сәйкес мына адамдардың қатысуын қамтамасыз етуді сұраймыз:

  • облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы ққ. жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен мамандары;
  • аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен мамандары;
  • әлеуметтік қызметкерлер;
  • ауылдық округ әкімдері.

  Осыған орай, қоса берілген оқыту кестесіне сәйкес басшылар мен арнаулы әлеуметтік қызметтер сұрағымен айналысатын білікті мамандардың, ауылдық округ әкімдерінің тізімін а.ж. 15 желтоқсан сағат 16.00-ге дейін a.abdyrakhmanova@enbek.kz мекенжайына жолдау қажет.

Қосымша ___ парақта.

Вице-президент                                                                  О. Анафин

 А. Абдырахманова

8 (7172) 954317 (869), 87011488430

Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Дата публикации
06 января 2021