Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы,

орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы

хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №26/41 қаулысы негізінде Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлайды.

 

Жұмыс уақыты:

09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

 

Орналасқан жері:  Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі 42,

тел. 8 (72838) 2-12-36.

 

Электрондық пошта: tic_alm_kok@saylau.kz

Комиссия төрағасы - Байгабулов Нұрлан Сейлханұлы

Төрағаның орынбасары - Ғабиденов Ерсын Қамбарұлы

Хатшысы - Жамбылқызы Марал

Комиссия мүшелері: Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Құлжанова Әлия Қазыбекқызы, Бидайбекова Индира Алтынбекқызы, Молдағали Дәурен Сәбитұлы.

Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы
Дата публикации
08 июля 2026