АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности аппарата акима Коксуского района, в аппаратах акимов сельских округов и отделов Коксуского района

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Коксу ауданы әкімінің аппараты  және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында, аудандық бөлімдері мемлекеттік мекемесінің   қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімінің аппарат басшысының 2026 жылғы 24 сәуірдегі  №66-ө н/қ өкімі негізінде ішкі талдау 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының  жұмыс кезеңін қамтыды.

Көксу ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 09 тамыз 2023 жылғы  No 315 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

 Ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары Көксу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 328 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жұмыс істейді.

Көксу ауданының бөлімдері өз қызметін Көксу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы     19 тамыздағы № 317 «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

"Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 25 тамыз 2022 ж., № 327, "Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

"Көксу ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 275;

"Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 10 қаңтар 2025 ж., № 2, "Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» " мемлекеттік мекемесі 19 тамыз 2022 ж. № 327, «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 05 наурыз 2026 ж., №86,

"Көксу ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі         03 қазан 2025 жылғы N 418, қаулыларымен бекітілген ереженің негізінде жұмыс істейді.

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

 

  1. КӨКСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДЕРІНІҢ АППАРАТАРЫНДА, АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРІҚЫЗМЕТІНДЕ ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

  1. Көксу ауданы әкімінің аппараты және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында, аудандық бөлімдері өз қызметінде мына заңнамалық актілерді басшылыққа алады:
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  3. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;
  4. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік  Рәсімдік-Процестік Кодексін;
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  6. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 
  8. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  9.  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  10.  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  11. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын; 
  12. «Қазақстан Республикасының Салық кодексі»
  13. «Қазақстан Республикасының Жер кодексі»
  14. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі»
  15. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі»
  16. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы No 648 қаулысы;
  17. 17. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы No 1193 қаулысы ;
  18. «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар үшін электр энергиясын, жылытуға арналған жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысы ;
  19. «Мемлекеттік органдардың құрылғылары мен арнайы үй-жайларын орналастыруға арналған кеңістік нормалары және телефон байланысын пайдалану нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы No 335 қаулысы ;
  20. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысы ;
  21. «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен үстемеақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге үстемеақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысы
  22. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы No 195 бұйрығы;
  23. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы;
  24. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары 2023 жылғы 21 маусымдағы No 227 бұйрығы.
  25. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы No 167 бұйрығы.
  26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы бұйрығы

       № 687 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

  1. «Қазақстан Республикасы Парламентінің бюджеті есебінен, сондай-ақ Республика бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы No 630 қаулысы . Қазақстан»
  2. "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

 

2.2.  Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

                 (қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық ережелер және т.б.)

 

 

ІІІ. КОКСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДЕРІНІҢ АППАРАТАРЫНДА, АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

3.1.Персоналды басқару бағыты бойынша

1.«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және тағайындау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

  1. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен тағайындау «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес жүзеге асады.
  2. Әңгімелесудің сұрақтары мемлекеттік және орыс тілдерінде бос лауазымға жарияланған хабарландыруда көрсетілген функционалдық міндеттерге, мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарға, ситуациялық жағдайларға байланысты бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысының келісімімен әзірленеді және әңгімелесуге бір күн қалған уақытта «Е-қызмет» жүйесіне енгізілді.
  3. 4. Жұмысқа қабылданған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған лауазымды адамдардың мүдделер қақтығысы фактілері анықталмады.

Жұмысқа қабылданған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған лауазымды адамдардың мүдделер қақтығысы фактілері анықталмады.

2025 жылғы 1 қаңтарға 24 мемлекеттік орган жұмыс істеді, Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 116 бірлікті құрады, нақты жұмыс істейтіндер – 108, бос орындар-8.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша 3 ішкі және 31 жалпы конкурс жарияланды, олардың нәтижелері бойынша 31 адам тағайындалды. Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін барлық конкурстық комиссияларға байқаушылар – аудандық мәслихат депутаттары қатысады. Конкурсқа қатысушылардың тестілеуден өткені туралы сертификаттар қажетті құжаттардың келіп түсуіне қарай арнайы ақпараттық жүйеде түпнұсқалығын тексеруден өтеді, 2025 жылы осы рәсім бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе Мемлекеттік қызметке қайта кіретін барлық мамандар оны тоқтатқаннан кейін Жетісу облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінде міндетті арнайы тексеруден өтеді.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс қорытындысы бойынша ұсынылған             31 адамға сауал жолданды. Барлық кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің "Ақпараттық сервис" базасы бойынша тексеріледі.

Ауданның мемлекеттік мекемелерінің арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі және жақын туыстарының бірлескен жұмысы жоқ.

2025 жылы 44 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

               3.2.Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша

 

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының талаптарын ескере отырып, жақын туысқандар лауазымы бойынша тікелей бағынуы, сол сияқты бір аудан аясында жақын туыстардың негізгі басшы лауазымдарын атқаруы, сонымен қатар, аталған тұлғалардың заңсыз шешімдерді қабылдау фактісі орын  алмаған.

2) Мүделлер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функциялар аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөліміне жүктелген.

3) Мүдделер қақтығысы бойынша ақпарат тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне ақпарат тапсырылады.

4) «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

Мемлекеттік сатып алу процедурасын талдау (тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер) барысында үлестес фактілер анықталған жоқ.

Жақын туыстардың, жұбайлардың және туыстардың бірлескен қызмет ету (жұмыс) фактілерін анықтау үшін қызметкерлердің жеке құжаттарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондай  фактілер анықталған жоқ. 

3.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша

Ауданның жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

Аудан деңгейінде барлығы 51 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 33 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы және баламалы негізде, 17 қызмет электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы, 1 қызмет қағаз форматында ұсынылады. Жалпы көрсетілетін қызметтердің 85%-ы автоматтандырылған форматта жүзеге асырылып, бұл өз кезегінде қызмет алушылар үшін қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 4340 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу және қызмет сапасын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында аудан әкімдігі аппараты тарапынан күнделікті негізде «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы бақылау жұмыстары жүргізіліп отыр. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы қарау және тәуекелдердің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында аудандық бөлімдер, аудан әкімі аппараты және ауылдық округ әкімдіктері көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті ақпараттар, қызмет көрсету тәртібі мен қағидалары тұрақты түрде жаңартылып орналастырылуда.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді пайдалану үлесін көбейту және азаматтардың цифрлық дағдыларын дамыту мақсатында аудан көлемінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері тұрақты ұйымдастырылды. 2025 жылы барлығы 4 жәрмеңке өткізіліп, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері түсіндіріліп, практикалық көмек пен кеңестер берілді. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Аудандық Қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты түрде қаралып отырды. 2025 жылы барлығы 11 қоғамдық кеңес отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақтылы көрсетілуі, халықпен кері байланысты нығайту, қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес ішкі мемлекеттік бақылау шеңберінде 2025 жылы 12 бақылау іс-шарасы ұйымдастырылып, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің 2025 жылғы 25 қаңтардағы №14-ө н/қ өкіміне сәйкес арнайы талдау тобы құрылды. Аталған топпен 2025 жылы аудан бойынша 8 мекемеге талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету орындарының материалдық-техникалық жабдықталуы, ақпараттық қолжетімділігі, қызмет көрсету жағдайлары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша талдау парақтары толтырылып, жауапты мекемелерге нақты ұсынымдар берілді. Нәтижесінде бірқатар мекемелерде инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстар күшейтілді.

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларымен барлығы 50 435 адам қамтылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жыл ішінде 102 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 28 семинар, «Нұрлы Көксу» газетіне 17 мақала, «Қызмет Лайв» жобасы аясындағы ақпараттық бөлімдер, мекеме басшыларының қатысуымен 18 тікелей эфир, 6 дөңгелек үстел, 4 өңірлік жәрмеңке, 29 түсіндіру жұмыстары және 3 бейнеролик өткізілді.

Сонымен қатар, халық арасында мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту мақсатында 893 жадынама мен брошюра таратылып, 11 қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Ең алдымен адамдар» тақырыбындағы оқыту курстарынан 5 мемлекеттік қызметші өтті.

Жүргізілген ішкі талдау нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүйелі жұмыстардың атқарылып жатқанын көрсетті. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру, электрондық қызметтердің үлесін арттыру, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыру қажет.

Осыған байланысты, әр тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, акциялар, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері мен түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру ұсынылады.

 

3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша

 Аудан әкімінің аппараты Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы                        09 тамыздағы №315  қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес Аппаратта рұқсат беру  функциялары жоқ.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес, «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, оның мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетіп келеді. 2025 жылы еңбекші көшіп келушілерге 371 рұқсат беріліп, 38 өтініш бойынша бас тарту шешімі қабылданды.

«Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ағаштарды кесуге 13 рұқсат берілді, 19 өтінім кері қайтарылды, 1 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тартылды. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою жөніндегі жобалық құжаттаманы келісу мемлекеттік қызметі бойынша 1 рұқсат берілді, 2 өтінім кері қайтарылды. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, сондай-ақ жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы паспорттарын беру бойынша 1 рұқсат берілді. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөліну жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу бойынша 1 рұқсат берілді, 2 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тартылды. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша 0 рұқсат берілді.

        3.5. Бақылау функцияларын  іске асыру бағыты бойынша

  Аудан әкімінің аппараты Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы                        09 тамыздағы  №315   қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес Көксу ауданы әкімі аппаратында бақылау функциялары жоқ.

3.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша

   2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1588 өтініш түскен.    Өтініштердің  барлығына жауабы берілген. Жауабы берілген өтініштердің ішінде -232 қанағаттандырылып, 250 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акті, 369 өтінішке заңға сәйкес жазбаша түрде түсінік беріліп, 140 өтініштің қарастырылуы тоқтатылған, 148 өтініш өз құзыреті шегінде қарастыру үшін басқа мемлекеттік мекемелерге жолданған.

Аудан әкімі мен оның орынбасарларының,  жеке қабылдауында 179 азамат болған. Оның ішінде: аудан әкімі – 143, аудан әкімінің орынбасарлары –36 азамат қабылдаған. Қабылдауда болған азаматтарға заң аясында түсінік берілген.

Талдау барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алулары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының нормаларына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес жүргізілетіні анықталды.

Қарастырылып отырған кезеңде Көксу ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімімең 1207 мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Оның ішінде: ашық конкурс тәсілімен 31 сатып алу, Рейтингтік жүйе байқауы 39, бағалы ұсыныстарға сұраным 536, тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден 563, электронды магазин 38.

  Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша  қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ  

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жұмыс тобы ұсынады: 

 

Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция өткізу, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша  қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу.

АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности аппарата акима Коксуского района, в аппаратах акимов сельских округов и отделов Коксуского района
Дата публикации
03 июня 2026