«Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2025 жылғы 21 ақпандағы №60 қаулысының қосымшасына толықтырулар енгізу туралы

«Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2025 жылғы 21 ақпандағы №60 қаулысының қосымшасына толықтырулар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының           1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеті атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы  №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарына толықтырулар енгізілсін.
  2. Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №275-19 болып тіркелген) өзгерістермен толықтырулар енгізілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

Д.Халелов



Дата публикации
27 апреля 2026