
Құрылыс бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: құрылыс саласында мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету, аумақтың жоспарланған құрылысы туралы халықты хабардар ету, аудандық коммуналдық меншік объектілерін және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс берушінің сөз сөйлеуі, объектілерді жобалауға және (немесе) салуға қажетті құжаттарды дайындау, олар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу, су құбырларын, тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан объектілерді күрделі жөндеуден өткізу, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтылған арнайы дайындалған алаңдардан беріледі.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.