Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
"Жер қатынастары"

Жер қатынастары бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдіктің ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау, иесіз жер учаскелерін есепке қою, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою туралы ұсыныстар енгізу, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау, мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту, Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, басқа да табиғат қорғау іс-шараларымен кешенде жерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету, ауданның елді мекендері аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау, Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің құқықтарын сату бойынша сауда (конкурс, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу, жерді пайдалану және қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, схемалар мен жобалардың сараптамасын жүргізу, ауданның жер балансын жасау, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу, аудан аумағында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру, жер учаскелерін жалдау және сатып алу-сату шарттарын жасау, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау, құрылыс салу ережелерін және құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін реттейтін, Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді және басқа да объектілерді салу және жөндеу барысын бақылау, құрылыс объектілерінің жұмысын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Документы
Ақпарат
25 сентября 2026
Көксу ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс өткізу туралы
Ақпарат
16 апреля 2026
Көксу ауданы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру мақсатында өткізілетін конкурс 2026 жылғы 17 сәуірде бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланды.
Ақпарат
31 марта 2026
Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Новости
Полезные материалы
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлердің ТІЗІМІ
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Медиагалерея
События
28 апреля
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Көксу ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы
Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы