Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
"Білім"

Білім беру бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады, балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, аудандық ауқымдағы конкурстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді., мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын тәртіппен жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырады, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді, құлағдар етуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім беру мониторингін, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, білім беру ұйымдарының мемлекеттік кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді, тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ұйымдар) басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс ұйымдастырады және өткізеді - арнайы және мамандандырылған Білім беруді қоспағанда, жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді, тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтауды ұйымдастырады және өткізеді., педагогикалық қызметкердің жеке жетістіктерін жобалау үшін мотивациялық қызмет аясын кеңейту қызметкерлерді еңбектегі жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелейді.

Документы
Ақпарат
19 марта 2026
«100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығы
Хабарландыру
01 апреля 2021
Көксу ауданының әкімдігі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсуге құжаттарды қабылдау басталды
Бағдарлама
13 августа 2020
КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Новости
Полезные материалы
«Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ МЕН ЗАҢНАМАЛАРЫН БІЛУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒАШ РЕТ КІРЕТІН АЗАМАТТАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ МЕН ЗАҢНАМАСЫН БІЛУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің 2021 жылғы І-ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Медиагалерея
1
Мемлекеттік қызметкер дегеніміз...
3
"Алтын белгі " иегерлері марапатталды
События
03 июня
Аудан әкімінің мектеп түлектеріне арнаған құттықтау сөзі
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Көксу ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы
Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады.

Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz

Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ).

Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз.

Өтініш берушіге:

1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу;

2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау;

3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу;

4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.

Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады.

Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың    1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа).

Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.

Кезектегі өтініштер:

1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;

2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;

3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде;

4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;

5) жолдама берілгенде;

6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;

7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.

Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады.

Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады).

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы