1971 жылы 04 қазанда бұрынғы Киров ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Мұсабек атындағы орта мектебіне барып, оны 1986 жылы 9 сыныпты аяқтап, 1986-1989 жылдары Көксу ауылшаруашылық кәсіби училищесінің агроном мамандығы бойынша оқып бітірген.
1989-1997 жылдары XXIII пардсъезінде агроном болып істеген. 1997 жылдан бастап «Балпық би» ЖШС-де агроном болып жұмыс істейді. 1998-2002 жылдары Алматы қаласындағы Қызыл Ту ауылшаруашылық институтын бітірді. 2004 жылы «Жарлыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы болып істеді. 2013 жылы Көксу ауданының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, 2014 жылы «Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жеткеші маман болып істеді. 2015 жылы Мұсабек ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасап, 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі.