1966 жылы сәуір айының 01–ші жұлдызында Талдықорған облысы, Киров ауданы, В.В.Куйбышев атындағы колхозда дүниеге келген. 1973-1983 жылдар аралығында В.В.Куйбышев атындағы орта мектебінде дәріс алған. 1983-1989 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Ауылшаруашылық институтынының «Орман шаруашылығы» факультетінің «Орман шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша озат бітіріп шықты.
1989-1990 жылдары Үштөбе қаласындағы Орман шаруашылығында, орманшы болып істеген. 1990-1994 жылдары Киров ауданы, В.В.Куйбышев атындағы колхозында техника қауіпсіздік инженері. 1994-1998 жылдары «Шаған» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінде бақылаушы болып істеді. 1998 жылы Көксу аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепке тіркеліп, сол жылы Аудан әкімінің аппаратында жүргізуші болып істеді. 1999-2001 жылдар аралығында Көксу аудандық еңбек және әлеуметтік халықты қорғау бөлімінің бас маманы болып істеген. 2001-2005 жылдары Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту бөлімшесінің бастығы болып тағайындалған. 2005-2008 жылдары Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Көксу ауданы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы болды. 2008-2011 жылдар арлығында Алматы облыстық зертханалық-талдауды бақылау бөлімінің бастығы. 2011-2012 жылдары Алматы облыстық аумақтық орман және аң инспекциясы бастығының орынбасары болды. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі