Әкімнің есептік кездесуі

Округ әкімінің есепті кездесу жиыны

                Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың  2022 жылғы        3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826 Жарлығына сәйкес  биылғы жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойына халықпен тұрақты кездесулер өткізіп, кездесу барысында  халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа негізгі бағыттары туралы хабардар етіп және өзекті мәселелерді көрсете отырып, шешу жолдарын түсіндіру болып табылады.

          Осыған орай 2024 жылдың   ақпан айының 28  күні  Жарлыөзек  ауылдық округі әкімі  С.Т.Ихсановтың   Бозтоған, Жарлыөзек  және  Мұқаншы  ауылдарында халық алдында есеп беру жиыны өтті. Есеп беру жиыны Мұсабек атындағы орта мектеп  ғимаратында   өтті. Есеп беру жиынына аппарат қызметкерлері, мекеме басшылары, жеке шаруа қожалық басшылары мен ауыл тұрғындары  қатысты.

Округ  әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен  қысқаша таныстырып, халықпен  сұхбаттасты. Жарлыөзек ауылдық округінің  әкімі   С.Т.Ихсановтың  2023 жылғы   округ көлемінде атқарылған  жұмыстары  туралы  және  алда тұрған 2024 жылға  міндеттері жайлы есеп берді.

Есепті кездесуде округ әкімі  С.Ихсановқа   ауызша сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға нақты  жауаптар берілді.

Есепті кездесуде округ әкімі  С.Ихсановқа  есепті кездесуі жақсы деңгейде өтті.   Жарлыөзек  ауылының ақсақалы  А.Қонысбаев пен  жеке шаруа қожалық басшысы  М.Беккожанов   «қанағаттанарлық»  деген баға беріп, өз ризашылығын білдірді. 

  

«Жарлыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
09 апреля 2024