График приема граждан
Жалпы ережелер
- Округ әкімінің жеке қабылдауын өткізу және дайындау, сондай-ақ оның шешімдерін қабылдау тәртібін округ әкімі өзі бекітеді;
- Округ әкімінің жеке қабылдауына округ әкім аппаратының мамандары мен қызметкерлері ғана қатысады;
- Жеке қабылдаудың отырыстарын округ әкімі, ол болмаған жағдайда әкімінің міндетін уақытша атқарушы адам төрағалық етіп, жеке қабылдауды жүргізеді;
- Жеке қабылдаудың отырыстары Жабық отырыс болып табылады. Жеке қабылдау қазақ тілінде және ресми тілдерде жүзеге асырылады;
- Округ әкімі жеке қабылдауын Мұқыры ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы 12-ө н/қ өкімінің қосымшасына сәйкес округ тұрғындарымен жеке қабылдау жүргізеді;
Жұмысты жоспарлау
- Жеке қабылдауға жазылған азаматтарды тізім бойынша тіркеп,көтерілген мәселерін анықтайды;
- Жеке қабылдауға жазылған азаматтарға нақты уақыты мен болатын күні туралы алдын ала ескертіледі;
- Жеке қабылдау өтетін орнын дайындайды;
- Жеке тұлғаның құқықтарын қорғау мақсатында жеке қабылдауға шақырылған жеке тұлғалар мен жауапты лауазымды адамдардан басқа адамдар жеке қабылдаудан шектеледі (қатыстырылмайды);
- Жеке қабылдау барысында округ әкімінің апапратының мамандары берілген тапсырма уақытылы орындалуы үнемі бақылауда болады;
- Жеке қабылдау ұйымдастыру, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау өзіме жүктеледі.
График приема гражданДата публикации
19 апреля 2024