GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
ХҚКО
23 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

ХҚКО
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Кадр саясаты және мемлекеттік қызметке кіру
21 октября 2026
Үздік бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте бос жұмыс орындары қолжетімді

🎓 2026 жылғы 7 қазаннан бастап GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары болатын жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтегі төменгі лауазымдардағы бос жұмыс орындарымен танысып, https://eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады.

🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

☎️ Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болады:
📞 +7 (7282) 24-06-88
📞 +7 707 301 00 71

Тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымы
21 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Көксу жылу-су сервис» МКК тұтынушыларға 2026 жылғы 1 қарашадан бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 қазандағы №84-НҚ бұйрығымен мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

·         орташа тариф - 285,42 теңге/м³ (ҚҚС-пен);

·         халық үшін 149,83 теңге/м³;

·         бюджеттік ұйымдар үшін - 679,19 теңге/м³;

·         өзге тұтынушылар үшін - 251,67 теңге/м³.

28 сентября 2026
2026 жылғы 1 қазаннан бастап жылумен жабдықтау қызметіне жаңа тарифтің енгізілуі туралы хабарлама

«Көксу жылу - су сервис» МКК тұтынушыларды 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жылумен жабдықтау қызметі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №67-НҚ бұйрына сәйкес тарифтер бекітілгенін хабарлайды: орташа тариф - 13 379,47 теңге ҚҚС-мен, халық есепке алу аспабы бар - 2 114,38 теңге, халық есепке алу аспабы жоқ 4 304,03 теңге және 163,55 теңге. Бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы бар - 15 034,15 теңге, бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы жоқ - 36 631,47 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы бар - 13 266,98 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы жоқ - 19 903,92 теңгені құрайды.

11 сентября 2026
ҚҰРМЕТТІ МҰҚЫРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ МҰҚЫРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес, Мұқыры  ауылдық округінің әкімі Жумагулов Жандос Елтайұлы  әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09-ден 13:00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды.

📌 Алдын ала жазылу үшін:
📞 8 72-838-2-45-90 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз

11 сентября 2026
В Казахстане стартовала регистрация на первый республиканский марафон чтения книг «Читающая нация».

В Казахстане стартовала регистрация на первый республиканский марафон чтения книг «Читающая нация». Проект объединит участников из всех регионов страны и станет одной из крупнейших национальных инициатив по популяризации чтения и развитию культуры книги.
Марафон пройдет с сентября 2026 года по апрель 2027 года в двух языковых лигах — казахской и русской. Проект включает 7 специализированных направлений: 
• «Читающая школа» — для учащихся 6–10 классов; 
• «Читающий колледж» — для студентов колледжей; 
• «Читающий университет» — для студентов вузов; 
• «Читающий педагог» — для учителей школ и преподавателей колледжей; 
• «Читающая династия» — для семейных команд; 
• «Читающий государственный служащий» — для госслужащих; 
• «Читающий интеллектуал» — для всех граждан без ограничений по возрасту и роду деятельности. 
Каждому участнику предстоит прочитать 15 книг по своему направлению из специально сформированного фонда в 330 произведений (165 на казахском и 165 на русском языках). В книжные списки вошли произведения отечественных авторов, мировая классика и современные книги. При их формировании также были учтены произведения, вошедшие в перечень «100 книг» по итогам общенационального голосования, а также мировые бестселлеры, включая произведения лауреатов Нобелевской премии по литературе.
Основной читательский этап начнется в сентябре месяце текущего года, и продлится до марта 2027 года: участники читают книги и публикуют краткие отзывы в личном кабинете. В марте–апреле 2027 года состоятся финальное тестирование и интеллектуальные квизы. 
Победители и призеры региональных этапов получат денежные премии: 
• 1-е место — 600 000 тенге; 
• 2-е место — 450 000 тенге; 
• 3-е место — 300 000 тенге. 
Все финалисты будут отмечены дипломами и электронными сертификатами. 
Председатель Общественного фонда «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» Бакытжан Турлыбеков отмечает, что главная цель проекта выходит за рамки самого конкурса.
«Сегодня мы открываем регистрацию на первый республиканский марафон «Читающая нация» и тем самым даём старт большому общенациональному движению, которое объединит людей разных возрастов, профессий и интересов вокруг книги.
Я приглашаю всех присоединиться к марафону. Уверен, что вместе мы сможем сделать чтение одной из важных составляющих современной жизни Казахстана и показать, что читающая нация — это сильная, образованная и думающая нация», — сказал Бакытжан Турлыбеков.
Подробные правила участия, регламенты по направлениям и списки книг опубликованы на официальном сайте проекта: www.reading-nation.kz
К реализации республиканского марафона «Читающая нация» присоединились ряд значимых партнеров проекта. Союз писателей Казахстана, Фонд развития креативных индустрий, цифровые платформы KITAP и «Яндекс Книги» будут содействовать развитию культуры чтения, поддержке современных литературных инициатив и созданию новых возможностей для взаимодействия читателей с книгой.
Проект реализуется при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

11 сентября 2026
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды.

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

18 августа 2026
ҚР Конституциясы: қабылдану тарихы және басты құндылықтары

ҚР Конституциясы: қабылдану тарихы және басты құндылықтары

Конституцияны жаңарту идеясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қаңтардағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінен бастау алды. Content дайындау үшін 21 қаңтарда 130-ға жуық депутат, заңгер және сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия құрылды, оны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова басқарды.

Комиссия 12 отырыс өткізіп, азаматтардан сандық платформалар арқылы 10 мыңға жуық ұсыныс қабылданды. 11 ақпанда Президент референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ал 12 ақпанда Конституция жобасы жариялануымен ақпараттық науқан басталды.

Конституцияның басты құндылықтары:

• Преамбулада унитарлық мемлекет, шекараның қолсұғылмаушылығы, аумақтық тұтастық және заң үстемдігі принциптері нақтыланды.
• Бірінші бапта “Біз — Қазақстанның біртұтас халқымыз” деген тұжырым бекітілді.
• Алғаш рет “ұлттық қауіпсіздік” ұғымы конституциялық деңгейде енгізілді.
• Неке еркек пен әйелдің ерікті одағы ретінде нақтыланды.
• Саяси партиялар мен саяси НҮО-ларды шетелден қаржыландыруға тыйым салынды.
• Заң көмегі мәселесінде “тегін” сөзі нақтыланып, оның орнына мемлекеттің кепілдік беру міндеттемесі баптарда бекітілді (13, 33-баптар).
• Ресми деректер бойынша, жаңа редакция бұрынғы мәтіннің шамамен 84 пайызын жаңартты.

Сарапшылардың пікірінше (ҚазҰУ профессоры, з.ғ.д. Алуа Ибраева), бұл — “тұрақтылық Конституциясы”, ол азаматтардың мемлекетке және болашаққа деген сенімін нығайтуға бағытталған.

18 августа 2026
ҚР Конституциясы: 2026 жылғы 15 наурыздағы референдум негізінде қабылданған редакция қолданыста

ҚР Конституциясы: 2026 жылғы 15 наурыздағы референдум негізінде қабылданған редакция қолданыста

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа редакцияда қабылданды. Референдумға қатысу көрсеткіші 73,12 пайызды құрап, қатысушылардың 87,15 пайызы қолдау білдірді.

Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап толық көлемде қолданысқа енген, ал 1995 жылғы бұрынғы редакцияның күші осы күннен бастап тоқтатылған.

Негізгі өзгерістер:

• Екі палаталы Парламент (Сенат пен Мәжіліс) орнына бір палаталы Құрылтай енгізілді — 145 депутаттан тұрады, өкілеттік мерзімі 5 жыл.
• Вице-президент институты қалпына келтірілді.
• Консультативтік орган ретінде Халық Кеңесі құрылды.
• Ұсталған азаматтарға құқықтарын түсіндіру міндеттілігі бекітілді (18-бап, 3-тармақ).
• Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу нормасы енгізілді (15-бап, 6-тармақ).
• Еңбек ету құқығы нақтыланды (27-бап): мемлекет жұмыспен қамту кепілдігін беретін тұжырым бекітілді.
• Цифрлық деректерді, зияткерлік меншікті қорғау, экология және еріктілік мәселелері конституциялық деңгейде бекітілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы