Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округі
Мұқыры ауылдық округінің әкімі Жұмағұлов Жандос Елтайұлы 2021 жылдың 15 қыркүйегінде сайланды.
Облыс орталығынан 23 км жерде орналасқан. Аумақтың жалпы ауданы 55 110 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы - 1532 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 53 578 га.
Халық саны 3243 адам, 579 тұрғын үй бар (26055 шаршы м).
Ауылда шағын және орта кәсіпорындар саны 253 бірлікті құрайды, оның ішінде 229 шаруа қожалығы, 1 ЖШС, 23 жеке кәсіпкер.
Ауыл шаруашылығы:
Барлығы 53578 гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде жайылым - 49563 гектар, егістік - 2872 га, шабындық – 1132 га, басқа жерлер – 11 га.
2024 жылдың 1 қаңтарына: мүйізді ірі қара – 4304 бас, оның ішінде аналығы - 2333 бас, ұсақ мал қой - 16763 бас, оның ішінде аналығы – 11709 бас, ешкі – 1319 бас, аналығы – 899 бас, жылқы – 1895 бас, аналығы – 697 бас, құс – 1888 бас, тауық- 1250 басты құрады.
12 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген, оның ішінде 10-ы - трактор, 2 – комбайн.
Сумен жабдықтау:
Мұқыры мен Қазақстанның 10 жылдығы ауылдары орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Округ тұрғындарын ауыз сумен «Көксу Су құбыры» ЖШС қамтамасыз етуде.
Су құбыры желілерінің ұзындығы 15,74 км орталық сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны - 3239 адам.
Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау:
Ауыл орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етілген. «ТАЭТК» АҚ балансында. Ұзындығы – 92,4 км.
Көлік және коммуникация:
Ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының ұзындығы – 16 км, оның ішінде қатты жабыны бар жолдар – 9,5 км, топырақты жолдар – 6,5 км.
Білім беру:
Округте 2 мектеп бар;
Мұқыры ауылында 2 балабақша жұмыс жасайды. «Қазғалдақ» балабақшасында 110 бала, «Таңшолпан» балабақшасы 50 баланы қамтитын жұмыс істейді (мемлекеттік).
Денсаулық сақтау:
Мұқыры ауылында 1987 жылы салынған дәрігерлік амбулатория типтік түрде салынған. Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 1988 жылы салынған типтік емес медпункт жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстанның 10 жылдығы ауылында мобильдік-блоктік медициналық пункт салу жоспарлануда.
Мәдениет және спорт:
Мұқыры ауылында 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық кітапхана және 2 шағын футбол алаңы бар.