Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.
Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.
27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
🎓 2026 жылғы 7 қазаннан бастап GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары болатын жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтегі төменгі лауазымдардағы бос жұмыс орындарымен танысып, https://eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады.
🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
☎️ Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болады:
📞 +7 (7282) 24-06-88
📞 +7 707 301 00 71
«Көксу жылу-су сервис» МКК тұтынушыларға 2026 жылғы 1 қарашадан бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 қазандағы №84-НҚ бұйрығымен мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:
· орташа тариф - 285,42 теңге/м³ (ҚҚС-пен);
· халық үшін 149,83 теңге/м³;
· бюджеттік ұйымдар үшін - 679,19 теңге/м³;
· өзге тұтынушылар үшін - 251,67 теңге/м³.
Бүгін Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының төрағалығымен аппараттық жиын өткізілді.
✅ Жиынға аппарат қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.
📍 Күн тәртібінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы, тазалық мәселелері, Таза Қазақстан акциясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы және өзге де өзекті бағыттар талқыланды.
✔️ Жиынды қорытындылаған округ әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, атқарылатын жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Қауіпсіздік — басты назарда: Округте қысқы маусымға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр
Бүгін округ аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы жылыту маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары әр үйді аралап, пешті алғаш жағу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мамандар тұрғындарға мұржаларды күйеден тазарту, мұржа бойындағы жарықтарды сылап-әктеу және пеш аузына арнайы металл табақшаларды қағудың маңыздылығын тағы бір мәрте ескертті.
«Үнсіз жаудан» қорғайтын құрылғылар орнатылды
Бұл игі шара тек насихатпен шектелген жоқ. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында округтегі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың шаңырақтарына улы газды анықтайтын арнайы сигналдық датчиктер (хабарлағыштар) тегін орнатылды.
Бүгін Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының төрағалығымен аппараттық жиын өткізілді.
✅ Жиынға аппарат қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.
📍 Күн тәртібінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы, тазалық мәселелері, Таза Қазақстан акциясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы және өзге де өзекті бағыттар талқыланды.
✔️ Жиынды қорытындылаған округ әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, атқарылатын жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Құрметті Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары!
Ардақты ұстаздар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын абыройлы мамандық иесі. Сіздердің еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз әрдайым зор құрметке лайық.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілеймін. Ұстаз еңбегі әрдайым бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлай берсін!
Ұстаздар күні құтты болсын!