GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
ХҚКО
23 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

ХҚКО
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

23 октября 2026
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10 және 21-баптары талаптарының орындалуына назар аударылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмысты жалғастыру мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазанында округ аумағындағы  5 мемлекеттік мекемелердің маңдайша жазуларының заң талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде аталған мекемелердің маңдайша жазуларының заң талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Тексерілген нысандар бойынша ешқандай кемшілік анықталған жоқ.
Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуын бақылау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.

Кадр саясаты және мемлекеттік қызметке кіру
21 октября 2026
Үздік бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте бос жұмыс орындары қолжетімді

🎓 2026 жылғы 7 қазаннан бастап GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары болатын жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтегі төменгі лауазымдардағы бос жұмыс орындарымен танысып, https://eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады.

🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

☎️ Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болады:
📞 +7 (7282) 24-06-88
📞 +7 707 301 00 71

Тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымы
21 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Көксу жылу-су сервис» МКК тұтынушыларға 2026 жылғы 1 қарашадан бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 қазандағы №84-НҚ бұйрығымен мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

·         орташа тариф - 285,42 теңге/м³ (ҚҚС-пен);

·         халық үшін 149,83 теңге/м³;

·         бюджеттік ұйымдар үшін - 679,19 теңге/м³;

·         өзге тұтынушылар үшін - 251,67 теңге/м³.

28 сентября 2026
2026 жылғы 1 қазаннан бастап жылумен жабдықтау қызметіне жаңа тарифтің енгізілуі туралы хабарлама

«Көксу жылу - су сервис» МКК тұтынушыларды 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жылумен жабдықтау қызметі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №67-НҚ бұйрына сәйкес тарифтер бекітілгенін хабарлайды: орташа тариф - 13 379,47 теңге ҚҚС-мен, халық есепке алу аспабы бар - 2 114,38 теңге, халық есепке алу аспабы жоқ 4 304,03 теңге және 163,55 теңге. Бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы бар - 15 034,15 теңге, бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы жоқ - 36 631,47 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы бар - 13 266,98 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы жоқ - 19 903,92 теңгені құрайды.

18 сентября 2026
«E-gov» жаршысы» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті

Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, цифрландыру үдерісі кеңінен жүзеге асырылып жатқан қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу халық үшін үлкен қолайлылық туғызуда. Осы бағытта мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара байланысты жеңілдету мақсатында «Электрондық үкімет» (E-gov) порталы жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, олардың қолжетімділігін арттыру және электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл ретте азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және электронды қызметтерді тиімді пайдалану да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осыған орай, ағымдағы жылдың 18 қыркүйекінде Лабасы ауылдық округінде «E-gov» жаршысы» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға E-gov порталы мен мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібін түсіндіру, цифрлық сауаттылығын арттыру және онлайн қызметтерді пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету. Іс-шара барысында Лабасы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындарына электрондық үкімет порталының мүмкіндіктері, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары және электронды сервистерді пайдалану тәртібі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындарға электронды қызметтерді қашықтан алу арқылы уақытты үнемдеу, қажетті анықтамалар мен құжаттарды онлайн рәсімдеу мүмкіндіктері түсіндірілді.

11 сентября 2026
«Кітап оқитын ұлт»

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

11 сентября 2026
Құрметті Лабасы ауылдық округінің тұрғындары!
04 сентября 2026
Құрметті Лабасы ауылдық округінің тұрғындары!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы