Бүгінде елімізде ауылды көркейтуге, ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жеткілікті: төмен проценттік несиелер, қайтарымсыз гранттар т.б. Президентіміздің қолдауымен халықтың кәсібін дамытуға жол тартқан осындай бағдарламалардың бірі - «Ауыл аманаты». Аталған бағдарлама бойынша 2,5 пайыздық несиені 2 адам 14 млн.100 мың теңге алды. Енді 10 адам құжаттарын жинақтап келесі жылы алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмек 14 отбасындағы 85 адамға 6 млн 880 мың теңге төленсе, 19 отбасындағы 114 адамға 2 млн 534 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Тұрғындарды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында бағдарламаның І-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстарға жұмыссыз 7 адам оқып, жұмысқа орналастырылды.